Оқиға

Ақтөбе облысында көлік өртенді – жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

© Ақтөбе облыстық полиция департаментіАқтөбе облысында көлік өртенді
Ақтөбе облысында көлік өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2022
Жазылу
Жол апаты "Самара-Шымкент" тас жолының 692 шақырымында болған
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. "Самара-Шымкент" тас жолында көлік аударылып, өртеніп кетті. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, ал көлік жүргузішісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін түнгі сағат 01:40-та "Самара-Шымкент" тас жолының 692 шақырымында болған.
"Mercedes-Benz" көлігінің жүргізушісі Қобда ауданынан Ақтөбе қаласында бара жатқан. Маржанбұлақ ауылына жақын жерде аударып кетті.
"Көлік жүргізушісі терезеден ұшып кеткен. 32 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал екі жолаушы Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізілді. Көлік өртеніп кетті", - дейді полицейлер.
Өткен аптада облыс жолдарында 12 жол апаты болды. 3 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеп отыр.
Жаңалықтар
0