https://sputnik.kz/20220718/aqtau-mlrd-tenge-turistik-keshen-26193088.html
Ақтауда 170 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынады
Ақтауда 170 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынады
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау облысына келетін туристердің саны 850 мың адамға артуға тиіс 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T16:35+0500
2022-07-18T16:35+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
теңге
қонақ үй
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14539153_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_b136524018dc688dfd7a71fbc7ecc899.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Ақтаудағы жаңа туристік кешеннің құрылысы талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. Көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенді салуға 170 миллиард теңге тартылады деген жоспар бар. Соның нәтижесінде 4000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Ал Маңғыстау облысына келетін туристердің саны 850 мың адамға артуға тиіс. Үкімет басшысы жобаны іске асыруды жеделдетуді және құрылысы басталған барлық нысанды аяқтау үшін бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауытын салу жобасы қаралды. Осы жобаны іске асыруға, шамамен, 140 миллиард теңге қажет. 700-ден астам тұрақты жұмыс орны болады деген болжам бар. Зауытта жылына 300 мың тоннаға жуық өнім өндіруге болады. Онымен сырттан келетін соданы алмастыруға мүмкіндік бар. Отырысқа қатысушылар мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін де қарастырды.
https://sputnik.kz/20220718/aqtauda-khabib-nurmagambetov-turnir-26189353.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14539153_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_bbf9e66aa53a28d235d905df2bfb7172.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге, қонақ үй, ақтау
Ақтауда 170 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынады
16:35 18.07.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Маңғыстау облысына келетін туристердің саны 850 мың адамға артуға тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Ақтаудағы жаңа туристік кешеннің құрылысы талқыланды, деп хабарлайды
Primeminister.kz сайты.
Көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенді салуға 170 миллиард теңге тартылады деген жоспар бар. Соның нәтижесінде 4000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Ал Маңғыстау облысына келетін туристердің саны 850 мың адамға артуға тиіс.
Үкімет басшысы жобаны іске асыруды жеделдетуді және құрылысы басталған барлық нысанды аяқтау үшін бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауытын салу жобасы қаралды. Осы жобаны іске асыруға, шамамен, 140 миллиард теңге қажет. 700-ден астам тұрақты жұмыс орны болады деген болжам бар.
Зауытта жылына 300 мың тоннаға жуық өнім өндіруге болады. Онымен сырттан келетін соданы алмастыруға мүмкіндік бар.
Отырысқа қатысушылар мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін де қарастырды.