Заңгер Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2022
Жазылу
Ол құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топты жою бағытындағы қызметіне кедергі келтіргені үшін қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Алматы қалалық соттың мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды.
"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды", - деп хабарлады ведомство.
Адвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топты жою бағытындағы қызметіне кедергі келтіргені үшін қамауға алынды.
Жаңалықтар
0