https://sputnik.kz/20220716/talapkerler-pedagogika-tekhnika-it-mamandyqtar-26165140.html
Талапкерлер педагогикалық, инженерлік-техникалық және ІТ мамандықтарды таңдайды
Талапкерлер педагогикалық, инженерлік-техникалық және ІТ мамандықтарды таңдайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Оқуға түскісі келетін талапкерлердің жартысынан көбі педагогикалық ғылымдар, инженерлік бағыт, өңдеу және құрылыс саласын... 16.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-16T18:51+0500
2022-07-16T18:51+0500
2022-07-16T18:51+0500
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/285/43/2854395_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_6a507dee263a28e1f934e4751c70a947.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Оқуға түскісі келетін талапкерлердің жартысынан көбі педагогикалық ғылымдар, инженерлік бағыт, өңдеу және құрылыс саласын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша білім беру бағдарламаларын таңдайды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталғаннан бері үш күннің ішінде қазақстандық жоғары оқу орындары талапкерлерден 41 859 өтініш қабылдап, өңдеуден өткізді. Осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам өтініш педагогикалық ғылымдарға, инженерлік, өңдеу және құрылыс бағытына – 7,6 мың және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына – 5,4 мың өтініш келіп түсті.Ал 15,5 мыңнан астам адам жеңілдігі бар талапкерлер санатына енгізілді. Олар: жетім балалар, мүгедектер, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері және т.б.2022 жылғыталапкерлер арасында келесі үздік үштікте өнер бағыты мен гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға – 3,8 мың, денсаулық сақтау – 2,8 мың, бизнес, басқару және құқық – 2,6 мың, әлеуметтік ғылымдар, журналистикажәне ақпараттану саласына – 2,3 мың өтініш қабылданды.Үшкүннің ішінде ең аз өтініш қабылданған салалар: ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 490 және ветеринарияға – 224 өтініш қабылданды.Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің Call-орталығында 150 өтініш қаралып, өңдеуден өтті. Байланыс тел.: 8 (7172) 741670, 742284, 742525, 741739.Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілер арқылы 2 221 талапкерге кеңес беріп, Call-орталықта 594 өтінішке жауап берді. Тел.: 8 (7172) 69 50 69.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/43/2854395_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ebad90ad691a871dc1ba0788a53325cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мамандықтар
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Оқуға түскісі келетін талапкерлердің жартысынан көбі педагогикалық ғылымдар, инженерлік бағыт, өңдеу және құрылыс саласын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша білім беру бағдарламаларын таңдайды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталғаннан бері үш күннің ішінде қазақстандық жоғары оқу орындары талапкерлерден 41 859 өтініш қабылдап, өңдеуден өткізді. Осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам өтініш педагогикалық ғылымдарға, инженерлік, өңдеу және құрылыс бағытына – 7,6 мың және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына – 5,4 мың өтініш келіп түсті.
"Шамамен 11 мыңға жуық талапкер балл санының тең түсуіне байланысты ерекше құқықтарға ие болды. Олар: "Алтын белгі" иегерлері, олимпиада жеңімпаздары мен оқу үздіктері", - делінген хабарламада.
Ал 15,5 мыңнан астам адам жеңілдігі бар талапкерлер санатына енгізілді. Олар: жетім балалар, мүгедектер, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері және т.б.
2022 жылғыталапкерлер арасында келесі үздік үштікте өнер бағыты мен гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға – 3,8 мың, денсаулық сақтау – 2,8 мың, бизнес, басқару және құқық – 2,6 мың, әлеуметтік ғылымдар, журналистикажәне ақпараттану саласына – 2,3 мың өтініш қабылданды.
Үшкүннің ішінде ең аз өтініш қабылданған салалар: ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 490 және ветеринарияға – 224 өтініш қабылданды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің Call-орталығында 150 өтініш қаралып, өңдеуден өтті. Байланыс тел.: 8 (7172) 741670, 742284, 742525, 741739.
Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілер арқылы 2 221 талапкерге кеңес беріп, Call-орталықта 594 өтінішке жауап берді. Тел.: 8 (7172) 69 50 69.