Инфографика

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көліктер

Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, маусым айы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ең табысты болды. Маусым айында 11 мыңнан аса жаңа автокөліктер сатылды. Sputnik Қазақстан инфографикасынан елдегі ең танымал көліктер туралы біле аласыз.
Қазақстандық дилерлер 11 418 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техниканы, сондай-ақ 436 жүк көлігі мен автобус сатты.
Ресейден жаңа машиналарды жеткізудегі іркілістер аясында елде оқшауланған автомобильдердің үлесі маусым айында жалпы сатылымнан 83,5%-ке дейін өсті, ал сандық жағынан сату 2021жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9,2%-ке артты.
Қостанайлық Chevrolet көлігі рекордтық 4 104 автокөлік (өткен жылғы маусым айына +35%) сатты, алматылық Hyundai маусым айында 2 529 таралыммен сатылды (+29,9%), Kia көліктері үшінші орынға тұрақтады – 1 316 бірлік (-10,4%).
Lada диллерлері 1112 көлік сатты (+8%). Сатылымның үздік бестігін Toyota көліктері жабады – 756 бірлік (-45,6%).
Ары қарай тізім бойынша:
Lexus (333 бірлік; +120,5%);
Chery (312 бірлік);
Jac (306 бірлік);
Exeed (133 бірлік);
Renault (66 бірлік).
Маусым айында көліктерді ең көп сатып алған қалалар:
Алматы (3007 бірлік);
Нұр-Сұлтан (2474 бірлік);
Шымкент (1393 бірлік).
Аймақтар бойынша:
Қарағанды (810 бірлік);
Қостанай (712 бірлік);
Өскемен (460 бірлік);
Ақтөбе (431 бірлік);
Павлодар (369 бірлік);
Ақтау (335 бірлік);
Орал (324 бірлік).
Жаңалықтар
0