Павлодарлық құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден екі адамды алып шықты

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Павлодарской областиПавлодарлық құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден екі адамды алып шықты
Павлодарлық құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден екі адамды алып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Жазылу
Тұрғын үйден тағы да он тұрғын өз бетінше эвакуацияланды
ПАВЛОДАР, 16 шілде – Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйдің өртеніпжатқан пәтерінен ер адам мен әйелді құтқарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодарда 15 шілде күні сағат 14.43 шамасында Н.Назарбаев даңғылы, 291 мекенжайындаорналасқан он қабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында өрт болды. Жалын 19 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт балкон рамаларын, жиһазды, үй заттарын шарпыды.
Жалын көрші пәтердің лоджиясына тарады. Мұнда алты шаршы метр аумақта терезе мен балкон рамалары өртенді.
Өрт сөндірушілер 44 жастағы әйел және 64 жастағы ер адамды өлімнен аман алып қалды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Одан бөлек тағы он адам баспалдақпен өздігінен эвакуацияланды.
Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0