Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды

© Photo : Министерство просвещения Казахстана5 медалей завоевали казахстанские школьники на международной олимпиаде по физике в Цюрихе
5 медалей завоевали казахстанские школьники на международной олимпиаде по физике в Цюрихе - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Жазылу
Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты.
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде - Sputnik.Физикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
"Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды", - деп жазды министр.
Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Қазақстандықтар өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушылар былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.
Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын, ал күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.
Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті.
Жаңалықтар
0