Спорт

Дзюдошы Шамшадин Хорватияда алтын медаль иеленді

© PhotoКазахстанец Магжан Шамшадин стал победителем турнира по дзюдо серии Grand Slam в Загребе
Казахстанец Магжан Шамшадин стал победителем турнира по дзюдо серии Grand Slam в Загребе - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде - Sputnik. Қазақстандық Мағжан Шамшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясындағы дзюдо турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті.
Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль ұтты. Ол финалда кәріс Вон Джин Кимнен басым түсті.
Ұзақ уақыт бойы дзюдошылар кімнің мықты екенін анықтай алмады. Нәтижесінде Кимнің үшінші ескерту алуы Шамшадинге автоматты түрде жеңіс әкелді. Ал қарсыласы "күміспен" қалды.
Гран-при – "Үлкен дулығадан" кейінгі турнирлердің екінші сериясы. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде биылғы жылы 3 Гран-при турнирі және 9 "Үлкен Дулыға" турнирі өтеді.
Жаңалықтар
0