Air Astana Алматы-Мале рейсінің кешігу себебін түсіндірді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМальдивы
Мальдивы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Алматы – Мале рейсінің кешігу себебін түсіндірді.
"16 шілдеде Air Astana Airbus A321 әуе компаниясының Алматы – Мале бағыты бойынша KC585 рейсін орындаған ұшағы кесте бойынша сағат 01.47-де ұшып шықты. Ұшу кезінде қозғалтқыштың дірілін бақылау және индикациялау датчигі істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес, ақаулықты жою үшін әуежайға оралу туралы шешім қабылданды. Сағат 03.30-да әуе кемесі Алматыға қонды. Қону штаттық режимде өтті", - делінген хабарламада.
Рейс бүгін 18:15-те ұшуға тиіс.
Бұған дейін қазақстандық екі компанияның рейстерді кешіктіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені айтылған болатын.
Тергеуді азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Air Astana және FlyArystan әуерейстерінің кешігу фактісі бойынша жүргізіледі.
Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент және Алматы – Қостанай және басқа да рейстерге қатысты тергеу өтеді.
Жаңалықтар
0