Өңірлер

Шымкентте жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды — видео

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Шымкентте жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 шілде күні полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында 4 шілде сағат 22:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданында бейтаныс ер адам келіп, пышақпен қорқытқанын жеткізді. Оқиға кезінде жәбірленушінің көмек сұраған даусынан үй иесі сыртқа шығып келе жатқанда, күдікті тез арада “ізін суытып” үлгерген.
Күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Барлық куәгерлерден сұрастырып, бейнекамераларды қарады.
Күдікті ұсталды.
Аталған жайт Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
0