https://sputnik.kz/20220715/shekara-azhar-giniyat-26149971.html
Қандай жағдайда шекара жабылады – Ажар Ғиният жауап берді
Қандай жағдайда шекара жабылады – Ажар Ғиният жауап берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Өңір "қызыл" аймаққа өткен жағдайда қатаң карантиндік тәртіп енгізілуі мүмкін. Одан бөлек, шетелде КВИ-дің жаңа штаммы анықталса... 15.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-15T13:58+0500
2022-07-15T13:58+0500
2022-07-15T13:58+0500
коронавирус
карантин
https://sputnik.kz/img/1216/55/12165599_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_887ad16c2a87420c2a51cc272558bb12.jpg
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Өңір "қызыл" аймаққа өткен жағдайда қатаң карантиндік тәртіп енгізілуі мүмкін. Одан бөлек, шетелде КВИ-дің жаңа штаммы анықталса, онда шекараны жабу мәселесі қарастырылады.Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де өршіп тұрғанын жеткізді. Осы орайда министр егер өңір "қызыл" аймаққа өтсе, онда карантин күшейтілетінін айтты.Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл инфекцияның циклдік және толқындық ағымы байқалатынын атап өтті."Вирус өзгеру үстінде, клиникалық көрініс те өзгеруде. Қазір дәл осы толқында "Дельта" вирусындағыдай өкпеге зақым келмейді. Сондықтан біз инфекцияны бақылаймыз, бейімделеміз және ұйымдастырушылық тұрғыдан емдеуге, сондай-ақ инфекцияның ағымы мен таралуына байланысты карантин шараларын қарастырамыз", – деп атап өтті Ғиният.Министрдің айтуынша, карантин шараларын қабылдау жөніндегі ұсыныстар ведомствоаралық комиссияда қаралады."Денсаулық сақтау министрлігі шаралар кешенін әзірледі. Ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында олар талқылауға шығарылады. Шектеу енгізу, иммунитеті нашар науқас қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте масканы міндеттеу шаралары қабылданады", – деп түсіндірді ол.Ведомство мәліметінше, соңғы аптада ауырған адамдардың 70 проценті Алматы (1107 жағдай немесе 43,2%-і) және Нұр-Сұлтан (576 жағдай немесе 22,5%-ы) қалаларында тіркелді."Індетті жұқтырғандар санының өскеніне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада стационарлық көмек 139 жұқпалы аурулар ауруханасында көрсетіліп жатыр. Оларда науқастарға 3282 орын жасақталған. Қазіргі кезде осы ауруханаларда 570 науқас емделіп жатыр", - деді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1216/55/12165599_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_6899d139b69acaeda82d58ee0e19d866.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, карантин
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Өңір "қызыл" аймаққа өткен жағдайда қатаң карантиндік тәртіп енгізілуі мүмкін. Одан бөлек, шетелде КВИ-дің жаңа штаммы анықталса, онда шекараны жабу мәселесі қарастырылады.
Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де өршіп тұрғанын жеткізді. Осы орайда министр егер өңір "қызыл" аймаққа өтсе, онда карантин күшейтілетінін айтты.
"Қазір инфекцияның эпидемиологиясы зерттелуде, егер қандай да бір елде коронавирустың жаңа штаммы анықталса және ол біздің елде әлі жетпесе, онда шекараны жабу шаралары қабылданады", – деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл инфекцияның циклдік және толқындық ағымы байқалатынын атап өтті.
"Вирус өзгеру үстінде, клиникалық көрініс те өзгеруде. Қазір дәл осы толқында "Дельта" вирусындағыдай өкпеге зақым келмейді. Сондықтан біз инфекцияны бақылаймыз, бейімделеміз және ұйымдастырушылық тұрғыдан емдеуге, сондай-ақ инфекцияның ағымы мен таралуына байланысты карантин шараларын қарастырамыз", – деп атап өтті Ғиният.
Министрдің айтуынша, карантин шараларын қабылдау жөніндегі ұсыныстар ведомствоаралық комиссияда қаралады.
"Денсаулық сақтау министрлігі шаралар кешенін әзірледі. Ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында олар талқылауға шығарылады. Шектеу енгізу, иммунитеті нашар науқас қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте масканы міндеттеу шаралары қабылданады", – деп түсіндірді ол.
Ведомство мәліметінше, соңғы аптада ауырған адамдардың 70 проценті Алматы (1107 жағдай немесе 43,2%-і) және Нұр-Сұлтан (576 жағдай немесе 22,5%-ы) қалаларында тіркелді.
"Індетті жұқтырғандар санының өскеніне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада стационарлық көмек 139 жұқпалы аурулар ауруханасында көрсетіліп жатыр. Оларда науқастарға 3282 орын жасақталған. Қазіргі кезде осы ауруханаларда 570 науқас емделіп жатыр", - деді министр.