https://sputnik.kz/20220715/qazaqstandyq-drondar-eksportqa--shygarylady-26155378.html
Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылады
Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылады
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек 15.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-15T21:04+0500
2022-07-15T21:04+0500
2022-07-15T21:04+0500
экономика
әскери ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26155341_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_5e5b463a03d00c1ef7100a7f86339781.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Сербияның "YUGOIMPORT-SDPR" компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Ведомство мсәліметінше, келісімге орай отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары аталған мемлекеттің нарығына шығарылмақ. Сондай-ақ келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды. Оның ішінде заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген. Басқосуға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ұлттық және шетелдік компания өкілдері, сондай-ақ жауапты ұйым басшылары қатысты. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек. "Біздің компания үшін бұл дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бұл бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді", – деді Әбдірахманов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26155341_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_091e29b3159e4ce146299e244bd1464a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери ұшақ
Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылады
Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Сербияның "YUGOIMPORT-SDPR" компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ведомство мсәліметінше, келісімге орай отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары аталған мемлекеттің нарығына шығарылмақ. Сондай-ақ келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды.
Оның ішінде заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген.
Басқосуға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ұлттық және шетелдік компания өкілдері, сондай-ақ жауапты ұйым басшылары қатысты.
"Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсетін боламыз", – деп атап өтті министрлік басшысы.
"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек.
"Біздің компания үшін бұл дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бұл бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді", – деді Әбдірахманов.