Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда бес есе көп суицид жасайды

CC0 / / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
Зерттеулер жұмыссыздық ерлер мен әйелдер арасында ең маңызды тәуекел факторы екенін көрсетіп отыр
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) рейтингісіне сәйкес Қазақстан суицид көрсеткіші ең жоғары жиырма елдің қатарына кіреді. Жыл сайын елде мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсайды. Сонымен қатар ер адамдар бұл қадамға әйелдерге қарағанда 4-5 есе жиі барады, деп жазды ranking.kz аналитикалық порталы.
Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде жалпы көрсеткіштің тек 4%-ін 18 жасқа толмаған жасөспірімдер құрады және бұл үрдіс жылдан жылға қайталанып келеді.
Жалпы көрсеткіштің 76% 18-75 жас және одан жоғары жастағы ер адамдар құрады.
Қазақстанда суицидке байланысты факторлар аз зерттелген. Құқықтық статистика комитеті "өзін-өзі өлтіруге дейін баратын факторлардың" тізімін жасайды. Олардың айтуынша, суицид – жалғыздықтың, ақша жетіспеушілігі немесе ажырасудың "салдары".
"Сонымен қатар бұл тізімде медициналық проблемалар мен психикалық ауытқулар туралы айтылмаған. Мысалы, ДДҰ өзін-өзі өлтірудің тәуекел факторы деп санайтын депрессия комитеттің есептерінде ешқашан болған емес", - дейді ranking.kz сарапшылары.
2021 жылы мұндай факторлардың шамамен 28%-і анықталмаған күйі қалды. 60%-ке дейінгі жағдай "басқа" санатқа жатады. Өткен жылы құқық қорғау органдары ерлер арасында тек 377 суицидтің себебін анықтай алды. Бұл сол кезеңдегі ерлер суицидінің 12% құрады.
Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша ең көп таралған факторлар қатарына:
жалғыздық (27%);
қаржылық қиындық;
банкроттық және қарыздар (28%) жатады.
Сондай-ақ Қазақстанда қарым-қатынастың үзілуінен суицид көп болады.
2021 жылы еңбек және қаржы факторлары зерделенген тағы бір зерттеу бойынша Қазақстандағы жұмыссыздық – ерлер арасында да, әйелдер арасында да аса маңызды тәуекел факторы екенін көрсетті.
Бұл ретте Қазақстанда 35-54 жастағы ер адамдар өз-өзіне қол жұмсауға бейім. 2015 жылдан 2021 жылға дейін бұл жас санаты екі жыныстың өкілдері арасында барлық суицидтің үштен бірін құрайды.
Samaritans зерттеуі бойынша өмірдің осы кезеңіндегі жұмыссыздық терең алаңдаушылық тудырады. Олар өмірінің бел ортасындағы жұмыссыздықты екі есе сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін деп ойлайды. Одан бөлек отбасын асырау және өзін-өзі жұмыспен қамту міндетін орындай алмаймын деген пікірде болады.
Жаңалықтар
0