https://sputnik.kz/20220715/qazaqstan-pfizer-vaktsina-26149075.html
Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасына тапсырыс береді
Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасына тапсырыс береді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар. Оның ішінде 329 мың – QazVac, 1,2... 15.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-15T13:03+0500
2022-07-15T13:03+0500
2022-07-15T13:03+0500
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0f/17616285_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_e41a6de57e6958c362d63632b351748a.jpg
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар. Оның ішінде 329 мың – QazVac, 1,2 млн – Sinopharm, 106,5 мың - Pfizer.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстан күзгі эпидемиологиялық кезеңге балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр."Бүгінгі таңда біз Pfizer-дің қалған 106,5 мың дозасын егіп жатырмыз. Яғни бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға және Pfizer-дің бірінші компонентін алған азаматтарға салынады. Балалар мен жүкті әйелдер үшін күзгі кезеңге қосымша 300 мыңға жуық дозаға тапсырыс беріледі", – деді министр.Сондай-ақ Ажар Ғиният Алматы қаласында қалған вакцина қорына тоқталды. Айтуынша, мегаполисте 37 мың доза QazVac, 180 мың доза Sinopharm және 8600 доза Pfizer бар."Ай сайын 500 мың доза өз вакцинамыз – QazVac өндіріледі. Бүгінгі таңда 2 миллионға жуық доза бар және қажет болған жағдайда тағы алынады. Елде вакцина жеткілікті", - деді министр.
https://sputnik.kz/20220715/koronavirus-tamyz-ministr-26148728.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0f/17616285_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_87707a4e8b4cb5870b0fe1fbb3654c89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасына тапсырыс береді
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар. Оның ішінде 329 мың – QazVac, 1,2 млн – Sinopharm, 106,5 мың - Pfizer.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстан күзгі эпидемиологиялық кезеңге балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр.
"Бүгінгі таңда біз Pfizer-дің қалған 106,5 мың дозасын егіп жатырмыз. Яғни бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға және Pfizer-дің бірінші компонентін алған азаматтарға салынады. Балалар мен жүкті әйелдер үшін күзгі кезеңге қосымша 300 мыңға жуық дозаға тапсырыс беріледі", – деді министр.
Сондай-ақ Ажар Ғиният Алматы қаласында қалған вакцина қорына тоқталды. Айтуынша, мегаполисте 37 мың доза QazVac, 180 мың доза Sinopharm және 8600 доза Pfizer бар.
"Ай сайын 500 мың доза өз вакцинамыз – QazVac өндіріледі. Бүгінгі таңда 2 миллионға жуық доза бар және қажет болған жағдайда тағы алынады. Елде вакцина жеткілікті", - деді министр.