Қарашада Қазақстанның Беларусьтегі мәдениет күндері өтеді

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Беларусь мәдениет министрінің бірінші орынбасары Валерий Громадамен екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу Витебскіде "Славян базары" XXXI халықаралық өнер фестивалінің ресми ашылу рәсімі қарсаңында өтті.
Сондай-ақ кездесуде 2022 жылдың 17-20 қарашасында Қазақстанның Беларусьтегі мәдениет күндері жоспарланғаны белгілі болды.
Қазақстанның Беларусьтегі мәдениет күндері аясында Минск қаласында қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен гала-концерт өткізу, қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастыру, Қазақстанның кино күндерін өткізу, Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеттің концерті жоспарланып отыр.
Басқосуда шығармашылық ұйымдар мен ұжымдар арасындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды.
Ал Валерий Громада ынтымақтастықты жандандыруға және бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.
Жаңалықтар
0