Ковид бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды

© Photo : Служба центральных коммуникацийАжар Ғиният
Ажар Ғиният - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. 2022 жылғы 15 шілдеден бастап денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жаңартты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы матрица өоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сарапшылар мен ДДҰ сарапшыларының қатысуымен өзектендірілгенін айтты.
"2022 жылдың 15 шілдесінен бастап денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын өзектендірді. Онда 100 мың тұрғынға шаққанда 10 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне қайта қаралды", - деді Ажар Ғиният.
Министрдің айтуынша, матрицаны әзірлеу кезінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары ескерілді.
Осылайша "жасыл" аймақ:
1. Репродуктивті санның R көрсеткішіне қарамастан 2 500 науқасқа дейін төсек қамтылған кезде;
2. Төсекпен қамту 5000 науқасқа дейін және репродуктивтік сан көрсеткіштері R 1-ден кем болғанда.
"Сары" аймақ:
1. Төсекпен қамту 5000 науқасқа дейін және R 1-ден көп болған кезде;
2. Төсекпен қамту 5 000-нан 10 000-ға дейін және R 1-ден аз болған кезде;
"Қызыл" аймақ:
1. Төсекпен қамту 5000 науқастан және R 1-ден көп болған кезде;
2. R қарамастан төсектік қамту 10 000 науқастан болған кезде.
Министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда науқастардың 90%-тен астамы амбулаториялық ем қабылдап жатыр және ауру жеңіл, жеңіл-орташа түрде өтуде.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі "сары" және "қызыл" аймақтарға көшу кезінде қабылданатын шараларды әзірледі. Олар Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады.
Еске салсақ, өткен тәулікте, 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 257 науқас анықталды. Немесе алдыңғы аптамен салыстырғанда жұқтыру 2,5 есеге өсті.
Жаңалықтар
0