Астана мен Алматы арасында Тальго вагондарынан жасақталған жаңа пойыз қатынайды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Тальго вагондарынан жасақталған жаңа коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Пойыз Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ("Нұрлы жол" вокзалынан Алматы-2 дейін) күн сайын жүреді. 17 шілдеден бастап пойыз Нұр-Сұлтаннан тақ күндері, Алматыдан жұп күндері (18 шілдеден бастап) шығады.
Билетті BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Егер вагонда орын қалмаса, "күту парағы" функциясын пайдалану керек.
Барлық сұраққа жауап алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Пойыз билетін 25 проценттік жеңілдікпен сатып алуға болады
Жаңалықтар
0