Өңірлер

Алматы "жасыл" аймаққа өтті

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
Алматыда стационарлық жағдайда коронавирустан 162 адам ем қабылдап жатыр
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматы қаласының "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өту себебін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният түсіндірді.
Айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда стационарлық жағдайда коронавирустан 162 адам ем қабылдап жатыр.
"Бұл бізде жұқпалы төсек-орын саны жеткілікті, біз оны жеңе аламыз, жүктеме жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан Алматы "жасыл" аймақта өтті. Стационарда 5000-ға дейін науқас және R көрсеткіші 1-ден жоғары немесе стационарларда 5000-нан 10 000 адамға дейін, бірақ R санында (таралу коэффициенті) 1-ден аз-бұл төмендеу байқалса "сары" аймаққа өтеді. Бұл науқастар көп болған кезде, бірақ ауру саны азайғанда "сары" аймақта болады дегенді білдіреді", – деп түсіндірді А.Ғиният.
Бұған дейін министр елдегі үш мегаполисте коронавирус ауруының өсуі байқалғанын айтқан болатын.
Жаңалықтар
0