Алматы облысында 10 жастағы бала шұңқырға құлап кеткен кішкентай қызды құтқарып қалды

© Photo : Рixabay/ThomasWolterТуалет
Туалет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
Қыздың анасы лас қоқысқа батып бара жатқан қызына өз бетінше көмектесе алмай, көршілерін шақырған
ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 шілде – Sputnik. Алматы облысында 10 жастағы мектеп оқушысы шұңқырға түсіп кеткен 3 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға 14 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында болған.
3 жастағы қыздың анасы лас қоқысқа батып бара жатқан қызына өз бетінше көмектесе алмай, көршілерінен көмек сұраған.
“2019 жылғы қыз бала ауладағы дәретханаға құлап, оны 10 жастағы көршісі құтқарып қалды. Әлихан дәретхананың шұңқырына түсуге әкесінен өзі сұранған. Себебі, баланың әкесі әжетхана тесігіне сыймаған. Осы сәтте ол ұлын арқанмен байлап, дәретхананың ішіне түсірген. Сосын алдымен қызды, кейін ұлын шығарып алған", – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Улы газбен тұншығып қалуы мүмкін болған қыз бала медициналық көмекке мұқтаж емес.
"Кішкентай құтқарушыны батылдығы үшін ведомстволық марапатқа ұсынуға шешім қабылдадық", – деп қосты ведомствода.
Жаңалықтар
0