https://sputnik.kz/20220714/odaqtas-armiya-seversk-qalasyn-baqylauga-aldy-26145254.html
Одақтас армия Северск қаласын бақылауға алды
Одақтас армия Северск қаласын бақылауға алды
Sputnik Қазақстан
Одақтас әскер батысқа қарай жылжып, бүгін Лисичансктен Славянскке дейінгі жарты жолда орналасқан Северск қаласын басып алды. Северсктен Соледар мен Артемовск... 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T21:44+0500
2022-07-14T21:44+0500
2022-07-15T11:25+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25913017_0:0:3191:1796_1920x0_80_0_0_2d650dbbe9f0d7e005930ac6c0654bf0.jpg
Одақтас әскер батысқа қарай жылжып, бүгін Лисичансктен Славянскке дейінгі жарты жолда орналасқан Северск қаласын басып алды. Северсктен Соледар мен Артемовск бағытында шабуылдау сәтті жүріп жатыр. Донбасс аумағын Киев режимінің қарулы құрылымдарынан толық азат ететін күн жақын қалды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Луганск Халық Республикасының әскер құрылымдары мен Ресей армиясының бөлімдері Северск маңында Украина Қарулы күштерінің позицияларын талқандап, 14 шілдеде қаланы бақылауға алды. Тұрғын үй орамдарын Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері мен шетелдік жалдамалы әскерилерден тазарту аяқталып жатыр. Одақтас әскерлер жау қуатты қорғаныс позицияларын орнатқан Соледар қаласының шет аймағын да басып алды. Славянск пен Краматорскке жол ашылды.Донецк Халық Республикасының аумағын азат ету бірден бірнеше бағытта жүріп жатыр. Северск – Артемовск желісінде белсенді соғыс қимылдары жалғасып жатыр. Ресей әскерлерінің бөлімшелері Лисичанск – Северск тас жолын, Северск – Соледар жолының бірнеше учаскесін толығымен бақылап отыр. Донбасстың шығысында Украина Қарулы күштерінің алдында үш қана мүмкіндігі бар – батысқа шегіну, тұтқынға берілу, өлімге бас тігу."Қарсылас айтарлықтай шығынға ұшырады – 14 шілдеде Константиновка және Краматорск елді мекендерінің маңында 35-ші теңіз жаяу әскері бригадасы, 54-ші механикаландырылған бригада, 81-ші аэромобильді бригадасы мен 109-шы өңірлік қорғаныс бригадасы орналасқан аудандарда Украина Қарулы күштеріне қарасты 1000-ға жуық жауынгер мен 100-ден астам әскери техника қиратылды. Өткен тәулікте Ресей әскери-ғарыш күштерінің жойғыш ұшақтары Славянск және Троицкое маңында украиналық Су-24 және МиГ-29 ұшақтарын әуеде атып түсірді", - деп жазды Хроленко.14 шілдеде Винница, Гайсин және Тернопольдегі әскери нысандарға Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылы Украина Қарулы күштерінің терең тылындағы жедел шешім қабылдау орталықтарын жоюдың айқын мысалы болып табылады. Ресейлік диверсанттар тобы жол тосқауылдары мен әскери техниканы қиратып жатқанынан украин әскері біршама ығысқаны байқалады.Ресейдің арнайы операциясы кезінде украин әскері адам күші мен әскери техникада үлкен шығынға ұшырады, даярлықтан өткен мамандарынан айырылды, ал олардың орнын соғысқа жаппай жұмылдыру арқылы толтыра алмайды. Дайындықтан өтпеген резервтегі әскерилер саны ешқашан арнайы әскери дайындық сапасына жете алмайды.Ресей қорғаныс министрлігі операцияға шарт бойынша 150-180 мың кәсіби әскери маманды тартады. Ал сарапшылар Украинаның тұрақты армиясы қазірдің өзінде 80 процентке "демилитаризацияланған" деп санайды. Украина қолбасшылығы аймақты белсенді миналап, айырылып қалған аумақтарға фосфорлы оқ-дәрілерін тастауға, НАТО-ның артиллериялық жүйелері мен пилотсыз ұшақтарын қолдану үшін және жаңа бекініс аймақтарын құру үшін шетелдік жалдамалы жауынгерлер мен Батыстың әскери мамандарын тартуға мәжбүр."Резервтегі украин сарбаздарын шетелде даярлау жобасы да альянстың әскери қызметкерлерін Украинаға аттандыруды көздейтін шара екені анық. Дегенмен, АҚШ пен НАТО-ның басқа елдері армиясының шығынға ұшырауын құптап отырған жоқ. Сондықтан Киев режимі үшін жақын арада Батыстың әскери көмегі қысқаруы ықтимал", - деп жазды әскери шолушы.Хроленконың пікірінше, Ақ үйдің Украинадағы америкалық қару-жарақтың бақылаусыз айналымына қатысты мәлімдемелері бұл жағдай ауған сценарийі бойынша аяқталуын аңғартып тұр. Бірнеше миллиард долларды қамтитын ленд-лизге қарамастан, Вашингтон Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға рұқсат беруі мүмкін.Ресеймен қақтығыстың шығындары тым жоғары болып тұр: АҚШ пен Еуроодақ елдерінде экономикалық дағдарыс күшейіп жатыр, НАТО арсеналдарында украин әскерлері үшін жарамды қару-жарақ пен оқ-дәрі таусылуға жақын. Сонымен қатар, қару-жарақ жеткізуді үдетсе, бұл Ресеймен тікелей ядролық қақтығысқа әкелуі мүмкін.Әскери операцияның қандай нәтижемен аяқталатынын әлем де аңғарып тұрған секілді. CNN былай деп хабар таратты: "Егер Путин Донбасс аумағынан ары қарай көз тіксе, ол Украинаны екіге бөліп тұрған Днепр өзенінің жағалауына қарай жылжуы мүмкін. Бұл елдің жарты аумағын басып алумен тең болады".Ал Foreign Policy басылымы "Еуропаның ең үрейлі энергетикалық дағдаарысы ақиқатқа айналып жатыр" деп жазды. Жалпы Ресей 2021 жылдың желтоқсанында батыстағы "серіктестеріне" жолдаған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесі украин оқиғасынан кейін де өзгеріссіз қалады. Біраз бұрын РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко егер НАТО келісімнен бас тартса, Ресей "қарсы қауіп-қатер тудыру режиміне" көшетіні айтты.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25913017_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_9d6783b2c2d94f39f61dacfde576352e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Одақтас әскер батысқа қарай жылжып, бүгін Лисичансктен Славянскке дейінгі жарты жолда орналасқан Северск қаласын басып алды. Северсктен Соледар мен Артемовск бағытында шабуылдау сәтті жүріп жатыр. Донбасс аумағын Киев режимінің қарулы құрылымдарынан толық азат ететін күн жақын қалды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Луганск Халық Республикасының әскер құрылымдары мен Ресей армиясының бөлімдері Северск маңында Украина Қарулы күштерінің позицияларын талқандап, 14 шілдеде қаланы бақылауға алды. Тұрғын үй орамдарын Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері мен шетелдік жалдамалы әскерилерден тазарту аяқталып жатыр. Одақтас әскерлер жау қуатты қорғаныс позицияларын орнатқан Соледар қаласының шет аймағын да басып алды. Славянск пен Краматорскке жол ашылды.
Донецк Халық Республикасының аумағын азат ету бірден бірнеше бағытта жүріп жатыр. Северск – Артемовск желісінде белсенді соғыс қимылдары жалғасып жатыр. Ресей әскерлерінің бөлімшелері Лисичанск – Северск тас жолын, Северск – Соледар жолының бірнеше учаскесін толығымен бақылап отыр. Донбасстың шығысында Украина Қарулы күштерінің алдында үш қана мүмкіндігі бар – батысқа шегіну, тұтқынға берілу, өлімге бас тігу.
"Қарсылас айтарлықтай шығынға ұшырады – 14 шілдеде Константиновка және Краматорск елді мекендерінің маңында 35-ші теңіз жаяу әскері бригадасы, 54-ші механикаландырылған бригада, 81-ші аэромобильді бригадасы мен 109-шы өңірлік қорғаныс бригадасы орналасқан аудандарда Украина Қарулы күштеріне қарасты 1000-ға жуық жауынгер мен 100-ден астам әскери техника қиратылды. Өткен тәулікте Ресей әскери-ғарыш күштерінің жойғыш ұшақтары Славянск және Троицкое маңында украиналық Су-24 және МиГ-29 ұшақтарын әуеде атып түсірді", - деп жазды Хроленко.
14 шілдеде Винница, Гайсин және Тернопольдегі әскери нысандарға Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылы Украина Қарулы күштерінің терең тылындағы жедел шешім қабылдау орталықтарын жоюдың айқын мысалы болып табылады. Ресейлік диверсанттар тобы жол тосқауылдары мен әскери техниканы қиратып жатқанынан украин әскері біршама ығысқаны байқалады.
Ресейдің арнайы операциясы кезінде украин әскері адам күші мен әскери техникада үлкен шығынға ұшырады, даярлықтан өткен мамандарынан айырылды, ал олардың орнын соғысқа жаппай жұмылдыру арқылы толтыра алмайды. Дайындықтан өтпеген резервтегі әскерилер саны ешқашан арнайы әскери дайындық сапасына жете алмайды.
Ресей қорғаныс министрлігі операцияға шарт бойынша 150-180 мың кәсіби әскери маманды тартады. Ал сарапшылар Украинаның тұрақты армиясы қазірдің өзінде 80 процентке "демилитаризацияланған" деп санайды. Украина қолбасшылығы аймақты белсенді миналап, айырылып қалған аумақтарға фосфорлы оқ-дәрілерін тастауға, НАТО-ның артиллериялық жүйелері мен пилотсыз ұшақтарын қолдану үшін және жаңа бекініс аймақтарын құру үшін шетелдік жалдамалы жауынгерлер мен Батыстың әскери мамандарын тартуға мәжбүр.
"Резервтегі украин сарбаздарын шетелде даярлау жобасы да альянстың әскери қызметкерлерін Украинаға аттандыруды көздейтін шара екені анық. Дегенмен, АҚШ пен НАТО-ның басқа елдері армиясының шығынға ұшырауын құптап отырған жоқ. Сондықтан Киев режимі үшін жақын арада Батыстың әскери көмегі қысқаруы ықтимал", - деп жазды әскери шолушы.
Хроленконың пікірінше, Ақ үйдің Украинадағы америкалық қару-жарақтың бақылаусыз айналымына қатысты мәлімдемелері бұл жағдай ауған сценарийі бойынша аяқталуын аңғартып тұр. Бірнеше миллиард долларды қамтитын ленд-лизге қарамастан, Вашингтон Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға рұқсат беруі мүмкін.
Ресеймен қақтығыстың шығындары тым жоғары болып тұр: АҚШ пен Еуроодақ елдерінде экономикалық дағдарыс күшейіп жатыр, НАТО арсеналдарында украин әскерлері үшін жарамды қару-жарақ пен оқ-дәрі таусылуға жақын. Сонымен қатар, қару-жарақ жеткізуді үдетсе, бұл Ресеймен тікелей ядролық қақтығысқа әкелуі мүмкін.
Әскери операцияның қандай нәтижемен аяқталатынын әлем де аңғарып тұрған секілді. CNN былай деп хабар таратты: "Егер Путин Донбасс аумағынан ары қарай көз тіксе, ол Украинаны екіге бөліп тұрған Днепр өзенінің жағалауына қарай жылжуы мүмкін. Бұл елдің жарты аумағын басып алумен тең болады".
Ал Foreign Policy басылымы "Еуропаның ең үрейлі энергетикалық дағдаарысы ақиқатқа айналып жатыр" деп жазды. Жалпы Ресей 2021 жылдың желтоқсанында батыстағы "серіктестеріне" жолдаған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесі украин оқиғасынан кейін де өзгеріссіз қалады. Біраз бұрын РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко егер НАТО келісімнен бас тартса, Ресей "қарсы қауіп-қатер тудыру режиміне" көшетіні айтты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.