https://sputnik.kz/20220714/noser-zhanbyr-almaty-oblysy-demalys-orny-26114364.html
Нөсер жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы үш демалыс орнының аумағын су басты
Нөсер жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы үш демалыс орнының аумағын су басты
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарды су басқаны туралы мәлімет жоқ 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T07:38+0500
2022-07-14T07:38+0500
2022-07-14T07:39+0500
су тасқыны
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1e/17197345_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_777c0c59d920b6e60cc75920357cfd94.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 шілде – Sputnik. Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында автожол мен бірнеше демалыс орнының аумағын су басып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, 13 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы "Шонжы-Қалжат" автожолының 55 шақырымында нөсер жауынның салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болған.Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған."Жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтіп жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Еске салайық, кеше Ұйғыр ауданындағы Ақсай-Шонжы автожолының 12-ші шақырымында жауын-шашын салдарынан лайлы-тасты ағын жүрген болатын. Сондай-ақ республикалық маңызы бар тасжолдың бірнеше учаскесінде жол төсемін жартылай су шайып кетті.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1e/17197345_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b44a44087e673560a5089ecd7047076a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, алматы облысы
су тасқыны, алматы облысы
Нөсер жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы үш демалыс орнының аумағын су басты
07:38 14.07.2022 (жаңартылды: 07:39 14.07.2022) Тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарды су басқаны туралы мәлімет жоқ
ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 шілде – Sputnik. Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында автожол мен бірнеше демалыс орнының аумағын су басып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 13 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы "Шонжы-Қалжат" автожолының 55 шақырымында нөсер жауынның салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болған.
Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған.
"Жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтіп жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше Ұйғыр ауданындағы Ақсай-Шонжы автожолының 12-ші шақырымында жауын-шашын салдарынан лайлы-тасты ағын жүрген болатын. Сондай-ақ республикалық маңызы бар тасжолдың бірнеше учаскесінде жол төсемін жартылай су шайып кетті.