Даниал Ахметов Өскемен туралы әзілдеген Евгений Чебатковқа жауап берді

© вДудь/скрин видео в youtubeЕвгений Чебатков
Евгений Чебатков - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі экологиялық жағдай туралы сұраққа жауап берді. Мәселені өз концертінде танымал стендап-комик Евгений Чебатков көтерген болатын.
Таяуда Өскеменнен шыққан стендап-комик Евгений Чебатков қала ауасының ластанып жатқанын жеткізді. Ол Нұр-Сұлтанға келіп, концерт өткізген еді. Бұл туралы әкімге Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты кезінде журналистер айтты.
Чебатков Өскеменге келгенде жергілікті достарынан "ауа тазарды ма?" деп сұраймын деп қалжыңдады. Олар: "Иә, айнала сәл көріне бастады" деп жауап береді екен.
Тұрғындардың 262 мың теңге жалақы алатынын ескере отырып, жалақыға қосымша экологиялық үстемеақы беру керек емес пе? Өйткені қалада дем алатын таза ауа жоқ, денсаулық жыл сайын нашарлайды, деп сұрады журналистер Ахметовтен.
"Стендап-комикке келер болсақ, келсін, көрсін. Бірақ мұнда бір оң фактор бар: ол өз әзілінде жағдай жақсарғанын атап өтті. Мен үш жыл Мәскеуде жұмыс істедім. Оған Мәскеуден 70 шақырым жерге барып көруге кеңес берер едім. Содан кейін Өскемен оған жұмақ болып көрінеді", - деді Даниал Ахметов.
Шығыс Қазақстан облысының басшысы Чебатковтың шығармашылығымен таныс емес екенін жеткізді. Бірақ ол өз қателігін түзететініне және сөйлеген сөзін тыңдап шығатынына сендірді.
Жаңалықтар
0