Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Дала күні қалай өтіп жатыр – фото

Жазылу
Дала күні немесе "Jańa Dala/GreenDay 2022" – қызыққа толы әрі пайдалы іс-шара. Ал қазіргі құбылмалы халықаралық жағдай кезінде мұны тіпті стратегиялық деп сипаттауға болады. Себебі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде күрделі мәселеге айналды
Ақмола облысында "Қазақстандағы Дала күні "Jańa Dala/GreenDay 2022" мамандандырылған көрме-көрсетілімі өтіп жатыр. Бұл отандық және шетелдік фермерлер арасындағы тәжірибе алмасу және іскерлік байланысты дамытуға арналған жыл сайынғы ауқымды алаң.
30-дан астам компания ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жұмыс кезінде таныстырып, шеберлік кластарын өткізеді.
Шара аясында инновациялық техника мен құрал-жабдықтан бөлек, заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен селекциялық жетістіктер таныстырылып жатыр. Екі күн бойы семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік кластары өтеді.
Sputnik Қазақстан тілшісі Меруерт Әлімова бұл жолы көрме несімен таңғалдырғанын көріп қайтты.
© Sputnik

Ең алдымен көз тартатыны – заманауи, өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары. Олардың қуатын іс жүзінде, яғни егін алқабында көруге болады. Егер техника көңілден шығып жатса, сатып алу немесе кредитке рәсімдеу мүмкіндігі бар

Ең алдымен көз тартатыны – заманауи, өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары. Олардың қуатын іс жүзінде, яғни егін алқабында көруге болады. Егер техника көңілден шығып жатса, сатып алу немесе кредитке рәсімдеу мүмкіндігі бар - Sputnik Қазақстан
1/9

Ең алдымен көз тартатыны – заманауи, өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары. Олардың қуатын іс жүзінде, яғни егін алқабында көруге болады. Егер техника көңілден шығып жатса, сатып алу немесе кредитке рәсімдеу мүмкіндігі бар

© Sputnik

Биыл көктемде "Jańa Dala/Green Day ‘2022" көрсетілім алаңдарында егіс науқаны кезінде шараға қатысушылар әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен сұрыптарының тұқымын 75 аумаққа септі. Оның нәтижесін қазір тамашалауға болады

Биыл көктемде "Jańa Dala/Green Day ‘2022" көрсетілім алаңдарында егіс науқаны кезінде шараға қатысушылар әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен сұрыптарының тұқымын 75 аумаққа септі. Оның нәтижесін қазір тамашалауға болады - Sputnik Қазақстан
2/9

Биыл көктемде "Jańa Dala/Green Day ‘2022" көрсетілім алаңдарында егіс науқаны кезінде шараға қатысушылар әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен сұрыптарының тұқымын 75 аумаққа септі. Оның нәтижесін қазір тамашалауға болады

© Sputnik

Жеке блокта "Organic Agriculture in Central Asia" және "Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті бақылау" халықаралық конференциялары өтіп жатыр

Жеке блокта "Organic Agriculture in Central Asia" және "Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті бақылау" халықаралық конференциялары өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
3/9

Жеке блокта "Organic Agriculture in Central Asia" және "Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті бақылау" халықаралық конференциялары өтіп жатыр

© Sputnik

"Jańa Dala/GreenDay 2022" Ақмола облысында жыл сайын өткізіледі. Мұнда қазақстандық шаруалар және шетелдік компаниялар, шетелдік делегациялар өзара тиімді нәтижеге қол жеткізіп жатыр. Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық жаңалықтарды көріп, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнатуға болады. Дала күніне дәстүрлі түрде 5 мыңнан астам адам қатысады. Көрмеге қатысушылар ауыл шаруашылығын өркендету, саланы мемлекет тарапынан қолдау, инновацияларды пайдалану бүгінде бұрынғыдан да маңыздырақ екенін баса айтты

"Jańa Dala/GreenDay 2022" Ақмола облысында жыл сайын өткізіледі. Мұнда қазақстандық шаруалар және шетелдік компаниялар, шетелдік делегациялар өзара тиімді нәтижеге қол жеткізіп жатыр. Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық жаңалықтарды көріп, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнатуға болады. Дала күніне дәстүрлі түрде 5 мыңнан астам адам қатысады. Көрмеге қатысушылар ауыл шаруашылығын өркендету, саланы мемлекет тарапынан қолдау, инновацияларды пайдалану бүгінде бұрынғыдан да маңыздырақ екенін баса айтты - Sputnik Қазақстан
4/9

"Jańa Dala/GreenDay 2022" Ақмола облысында жыл сайын өткізіледі. Мұнда қазақстандық шаруалар және шетелдік компаниялар, шетелдік делегациялар өзара тиімді нәтижеге қол жеткізіп жатыр. Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық жаңалықтарды көріп, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнатуға болады. Дала күніне дәстүрлі түрде 5 мыңнан астам адам қатысады. Көрмеге қатысушылар ауыл шаруашылығын өркендету, саланы мемлекет тарапынан қолдау, инновацияларды пайдалану бүгінде бұрынғыдан да маңыздырақ екенін баса айтты

© Sputnik

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы - Аграрлық кредит корпорациясының қаржыландыруының арқасында 7 мыңға жуық қазақстандық диқан өз ісін ашты немесе оны дамытуды жалғастырды. Сондай-ақ корпорация арқылы егін егу мен астық жинау науқандары да қаржыландырылады. Оның үстіне, қысқа мерзімді кредиттеу көлемі екі есе ұлғайтылды

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы - Аграрлық кредит корпорациясының қаржыландыруының арқасында 7 мыңға жуық қазақстандық диқан өз ісін ашты немесе оны дамытуды жалғастырды. Сондай-ақ корпорация арқылы егін егу мен астық жинау науқандары да қаржыландырылады. Оның үстіне, қысқа мерзімді кредиттеу көлемі екі есе ұлғайтылды - Sputnik Қазақстан
5/9

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы - Аграрлық кредит корпорациясының қаржыландыруының арқасында 7 мыңға жуық қазақстандық диқан өз ісін ашты немесе оны дамытуды жалғастырды. Сондай-ақ корпорация арқылы егін егу мен астық жинау науқандары да қаржыландырылады. Оның үстіне, қысқа мерзімді кредиттеу көлемі екі есе ұлғайтылды

© Sputnik

"Жалпы биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға 330 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз", - деді журналистерге "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ-ның елордадағы филиалы директорының орынбасары Олжас Баймаханов

"Жалпы биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға 330 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз", - деді журналистерге "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ-ның елордадағы филиалы директорының орынбасары Олжас Баймаханов - Sputnik Қазақстан
6/9

"Жалпы биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға 330 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз", - деді журналистерге "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ-ның елордадағы филиалы директорының орынбасары Олжас Баймаханов

© Sputnik

Жалпы корпорация тікелей кредиттеу арқылы 57,9 миллиард теңге, қаржы институттарын (кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер және лизингтік компанияларды қаржыландыру арқылы 124,6 миллиард теңге берген

Жалпы корпорация тікелей кредиттеу арқылы 57,9 миллиард теңге, қаржы институттарын (кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер және лизингтік компанияларды қаржыландыру арқылы 124,6 миллиард теңге берген - Sputnik Қазақстан
7/9

Жалпы корпорация тікелей кредиттеу арқылы 57,9 миллиард теңге, қаржы институттарын (кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер және лизингтік компанияларды қаржыландыру арқылы 124,6 миллиард теңге берген

© Sputnik

Көрме-көрсетілім кезінде корпорация қызметкерлері шараға қатысушыларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес береді. Кредит "Кең дала", "Агробизнес", "Іскер" атты үш бағдарлама бойынша беріледі. Кредит мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобалары бойынша ірі және шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі

Көрме-көрсетілім кезінде корпорация қызметкерлері шараға қатысушыларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес береді. Кредит "Кең дала", "Агробизнес", "Іскер" атты үш бағдарлама бойынша беріледі. Кредит мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобалары бойынша ірі және шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі - Sputnik Қазақстан
8/9

Көрме-көрсетілім кезінде корпорация қызметкерлері шараға қатысушыларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес береді. Кредит "Кең дала", "Агробизнес", "Іскер" атты үш бағдарлама бойынша беріледі. Кредит мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобалары бойынша ірі және шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі

© Sputnik

Корпорация сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы сақтандыру бойынша агенттік қызметін көрсетеді. Егін алқабын ылғалдың жетіспеуінен және артық мөлшерде болуынан, жайылымдарды сақтандыру бағдарламалары, сондай-ақ ірі қара малды, ұсақ малды, жылқы мен құсты сақтандыру бағдарламалары бар. Шаруалар үшін сақтандыру құны субсидиялау есебінен төмендетіледі: сақтандыру сыйақысының 50%-ін мемлекет төлейді

Корпорация сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы сақтандыру бойынша агенттік қызметін көрсетеді. Егін алқабын ылғалдың жетіспеуінен және артық мөлшерде болуынан, жайылымдарды сақтандыру бағдарламалары, сондай-ақ ірі қара малды, ұсақ малды, жылқы мен құсты сақтандыру бағдарламалары бар. Шаруалар үшін сақтандыру құны субсидиялау есебінен төмендетіледі: сақтандыру сыйақысының 50%-ін мемлекет төлейді - Sputnik Қазақстан
9/9

Жаңалықтар
0