Қоғам

Терезеден құлап кете жаздаған баланы құтқарған елордалық түлекке грант берілді

© PhotoМинистрдің түлекпен кездесуі
Министрдің түлекпен кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Жазылу
Оқу-ағарту министрі мектеп түлегіне алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордада көпқабатты үйдің терезесінен құлай жаздаған баланы құтқарған мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековпен кездесті.
Министр Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғыс білдіріп, оның ерлігі барлық оқушыға үлгі екенін атап өтті.

"Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековке алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ министрдің өтінішімен түлекке Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқуға грант берілді", - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Аймағамбетов түлектің ата-анасы мен ұстаздарына да алғыс айтты.
© PhotoОқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов терезеден құлай жаздаған баланы құтқарған түлекпен кездесті
Министр просвещения Асхат Аймагамбетов встретился с выпускником столичной школы Есдаулетом Даутбековым, спасшим ребенка от падения из окна многоэтажки - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов терезеден құлай жаздаған баланы құтқарған түлекпен кездесті
"Президент бүгін мектептердегі буллинг оқиғасына алаңдайтынын айтқан еді. Сіздің бүгінгі ерлігіңіз лайықты үлгі болады. Жоғары сынып оқушылары да сіз сияқты кішкентайларды қолдауға және қорғауға әрқашан дайын болады деп сенемін. Сонымен бірге кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан олардың үйдегі қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударуын сұраймын", -деді министр.
Айта кетері, Есдәулеттің ата-анасы алты бала тәрбиелеп отыр. Кездесуге 17 жастағы батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты.
Сәрсенбі күні кешке 17 жастағы жігіт елордадағы "Шерқала" тұрғын үй кешенінде 3 жасар қызды ажалдан аман алып қалды.
Бүлдіршін 6-қабаттың терезесінде ілініп тұрған. Құлайын деп тұрған баланы көрген жігіт көршінің балконы арқылы өтіп, оны құтқарды.
Жаңалықтар
0