https://sputnik.kz/20220714/alakol-zhagalauy-qyz-zharaqat-26118667.html
Алакөл жағалауында ер адам көлікке тас лақтырды: жеті жасар қыз жарақат алды
Алакөл жағалауында ер адам көлікке тас лақтырды: жеті жасар қыз жарақат алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Алакөл жағалауында кішкентай балалары бар отбасыға белгісіз адам тас лақтырды. Салдарынан жеті жастағы қыз дене жарақатын алды. 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T10:12+0500
2022-07-14T10:12+0500
2022-07-14T10:13+0500
алакөл
https://sputnik.kz/img/1023/19/10231923_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_e7df39c7df56533ddb8b0a1df27b92d0.jpg
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Алакөл жағалауында кішкентай балалары бар отбасыға белгісіз адам тас лақтырды. Салдарынан жеті жастағы қыз дене жарақатын алды.Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің хабарлауынша, оқиға отбасы көлдің жағасында демалу үшін орын іздеп жүргенде болған.Қазіргі уақытта зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Күдікті оқыс оқиға кезінде мас болғанын айтты.Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында құқық бұзушыға қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме таңдалды.
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1023/19/10231923_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_d377ac7824d1d94a0890fddbfd324fa4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Алакөл жағалауында кішкентай балалары бар отбасыға белгісіз адам тас лақтырды. Салдарынан жеті жастағы қыз дене жарақатын алды.
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің хабарлауынша, оқиға отбасы көлдің жағасында демалу үшін орын іздеп жүргенде болған.
"Алматы облысында мас адам өтіп бара жатқан көлікке тас лақтырған. Көлікте төрт бала және ата-анасы болған. Жеті жастағы қыз зардап шекті", – деп жазды құқық қорғаушы.
Қазіргі уақытта зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Күдікті оқыс оқиға кезінде мас болғанын айтты.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында құқық бұзушыға қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме таңдалды.