Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады. Шығармаларының 12 томдық жинағы басылымға дайын. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның қатысумен өткен отырыста айтылды.
Іс-шарада қазақтың ағартушы ғалымы, ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары пысықталды, деп хабарлады Хабар 24.
ЮНЕСКО штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шараларды өткізу кестесі белгіленді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.
Жаңалықтар
0