https://sputnik.kz/20220713/zhambyl-oblysy-zhumys-para-alu-26095113.html
Жамбыл облысында жұмысқа қабылдау кезінде пара алу фактілері тыйылмай тұр – Антикор
Жамбыл облысында жұмысқа қабылдау кезінде пара алу фактілері тыйылмай тұр – Антикор
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында жұмысқа қабылдау кезінде пара алу фактілері азаймай тұр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл... 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T10:48+0500
2022-07-13T10:48+0500
2023-08-09T15:56+0500
өңірлер
жамбыл облысы
пара
https://sputnik.kz/img/155/20/1552006_0:151:5605:3304_1920x0_80_0_0_22a696caa3d5c7fb8e12115339322867.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында жұмысқа қабылдау кезінде пара алу фактілері азаймай тұр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов бірінші жартыжылдықта атқарылған қызмет қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді.Оның айтуынша, мемлекеттік мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытындағы жұмысты әлі күнге дейін қадағаламай келеді.Жарты жылда департаментте 66 қылмыс (2021 жылы – 42) тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша – 46 (былтыр – 29).54 адам қылмыстық жауапқа тартылды, соның ішінде республикалық деңгейдегі 2 басшы, облыстық деңгейдегі 4 басшы және аудандық деңгейдегі 3 басшы бар.Мәселен, биыл Тараз қалалық сотының үкімімен Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев, директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова және аталған кәсіпорынның бұрынғы бөлім басшысы Жамал Ақпан пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ олар өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.Мақажановтың айтуынша, Бықыбаев сыбайластарымен бірге экскурсовод қызметіне жұмысқа қабылдағаны үшін 200 000 теңге пара алған."Өкінішке қарай, Жамбыл облысында ақшамен жұмысқа қабылдау фактілері әлі күнге тыйылмай отыр", - деді Ернар Мақажанов.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/155/20/1552006_499:0:5106:3455_1920x0_80_0_0_17baa1e1538fe09cb8e0b2dbc02cf188.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, пара
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында жұмысқа қабылдау кезінде пара алу фактілері азаймай тұр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов бірінші жартыжылдықта атқарылған қызмет қорытындысы бойынша өткен брифингте
мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытындағы жұмысты әлі күнге дейін қадағаламай келеді.
"Есептік кезеңде әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 17 хаттама толтырылып, 6 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Айта кетері, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдаса, білім беру мекемелерінің басшылары кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан", - деді Мақажанов.
Жарты жылда департаментте 66 қылмыс (2021 жылы – 42) тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша – 46 (былтыр – 29).
54 адам қылмыстық жауапқа тартылды, соның ішінде республикалық деңгейдегі 2 басшы, облыстық деңгейдегі 4 басшы және аудандық деңгейдегі 3 басшы бар.
Мәселен, биыл Тараз қалалық сотының үкімімен Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев, директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова және аталған кәсіпорынның бұрынғы бөлім басшысы Жамал Ақпан пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ олар өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Мақажановтың айтуынша, Бықыбаев сыбайластарымен бірге экскурсовод қызметіне жұмысқа қабылдағаны үшін 200 000 теңге пара алған.
"Өкінішке қарай, Жамбыл облысында ақшамен жұмысқа қабылдау фактілері әлі күнге тыйылмай отыр", - деді Ернар Мақажанов.