https://sputnik.kz/20220713/tarazdagy-qazfosfat-zauyty-uaqytsha-zhabyluy-mumkin-26091970.html
Тараздағы "Қазфосфат" зауыты уақытша жабылуы мүмкін
Тараздағы "Қазфосфат" зауыты уақытша жабылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Тараздағы "Қазфосфат" зауытын ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабу көзделіп отыр, деп хабарлайды... 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T08:25+0500
2022-07-13T08:25+0500
2022-07-13T08:25+0500
өңірлер
тараз
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0c/25476568_0:51:3457:1996_1920x0_80_0_0_663e269074faddf572e484ce2152566d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Тараздағы "Қазфосфат" зауытын ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабу көзделіп отыр, деп хабарлайды astanatv.kz.Тараздағы алып өндіріс "Қазфосфат" зауытында техникалық апат болып, одан шыққан қою түтін қала көшелеріне жайылды. Облыстық экология департаментінің мамандары кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатпақ. Себебі, ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен көрінеді. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған.Зауыт мамандары да болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. "Қазфосфат" ЖШС бас экологы Арман Қарағалиевтің айтуынша, зауыт зертханасында зерттеу жүргізілген, санитарлық учаскелер мен қала маңында дозаның шамадан тыс асқаны тіркелген жоқ.Жайылған қою түтінге қатысты арнайы құрылған жұмыс тобының қорытындысымен көпшілік келіспейді. Себебі, кешелі-бері тұрғындардың тамағы ашып, көздері жасаураған.Еске салсақ, Тараз тұрғындары дүйсенбі кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты.Қаланы түтін басуына "Қазфосфат" зауытындағы жағдай себеп болған.Сағат кешкі сегізде моногидратты абсорбер сорғысы істен шықты. Оосыған байланысты ауаға газ (күкірт триоксиді) тарады. Цех жұмысы шұғыл түрде тоқтатылды."Қазфосфат" ЖШС бас директоры Нұрланов күкірт-қышқыл цехында пайда болған ақауды жою, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау бойынша қажетті іс-шаралар өткізуді тапсырды.Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты штаттық режимде жұмыс істейді.Бұған дейін Тараз билігі қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеген болатын.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0c/25476568_364:0:3093:2047_1920x0_80_0_0_1c769f180ff427e10a9117e0d0d94447.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, зауыт
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Тараздағы "Қазфосфат" зауытын ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабу көзделіп отыр, деп хабарлайды
astanatv.kz. Тараздағы алып өндіріс "Қазфосфат" зауытында техникалық апат болып, одан шыққан қою түтін қала көшелеріне жайылды. Облыстық экология департаментінің мамандары кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатпақ. Себебі, ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен көрінеді. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған.
"Санитарлық қоғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттар анықталып, нормадан тыс асқаны анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз", - деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев.
Зауыт мамандары да болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. "Қазфосфат" ЖШС бас экологы Арман Қарағалиевтің айтуынша, зауыт зертханасында зерттеу жүргізілген, санитарлық учаскелер мен қала маңында дозаның шамадан тыс асқаны тіркелген жоқ.
Жайылған қою түтінге қатысты арнайы құрылған жұмыс тобының қорытындысымен көпшілік келіспейді. Себебі, кешелі-бері тұрғындардың тамағы ашып, көздері жасаураған.
Еске салсақ, Тараз тұрғындары дүйсенбі кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты.
Қаланы түтін басуына "Қазфосфат" зауытындағы жағдай себеп болған.
Сағат кешкі сегізде моногидратты абсорбер сорғысы істен шықты. Оосыған байланысты ауаға газ (күкірт триоксиді) тарады. Цех жұмысы шұғыл түрде тоқтатылды.
"Қазфосфат" ЖШС бас директоры Нұрланов күкірт-қышқыл цехында пайда болған ақауды жою, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау бойынша қажетті іс-шаралар өткізуді тапсырды.
Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты штаттық режимде жұмыс істейді.
Бұған дейін Тараз билігі қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеген болатын.