Сарыағашта сыныптасының банк қосымшасын телефонына орнатып алған жігіт ұсталды

© AP Photo / Dieu Nalio CheryНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Түркістан облысында жас жігіт сыныптасының атынан кредит алған, деп хабарлады Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өзінің танысы сеніміне кіріп, оның атынан 850 мың теңге ақшалай, 1,1 миллион теңгеден астам қаржыға тауарлы кредит рәсімдеген.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Ол жәбірленушінің сыныптасы болып шықты.
Күдікті жігіт сенің банк шотыңа ағам ақша аударады деп оның банк қосымшасын өзінің телефонына орнатып алған. Банк қосымшасы арқылы кредит рәсімдеп, ақшасын жаратып жіберген.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0