https://sputnik.kz/20220713/qazaqstan-esirtki-alqaptary-garysh-26104424.html
Қазақстандағы есірткі алқаптары ғарыштан анықталып жатыр
Қазақстандағы есірткі алқаптары ғарыштан анықталып жатыр
Sputnik Қазақстан
Биыл бес өңірден каннабис егілген жерлер табылған 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T15:49+0500
2022-07-13T15:49+0500
2022-07-13T15:49+0500
қоғам
ғарыш
есірткі
https://sputnik.kz/img/766/46/7664686_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_42c5cc90e489e49abc69a876fd42a74b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ішкі істер министрлігіне ғарыштан есірткі плантацияларын анықтауға көмектесіп жатыр.Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.Айтуынша, биыл 686 мың шаршы шақырымға мониторинг жасалып, 5 өңірден каннабис егілген жерлер табылған.2019 жылы космомониторинг арқылы 123 алқап анықталды.Ғарыштық бақылау KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктері, сондай-ақ шетелдік спутниктер арқылы жүргізіледі. Мұндай алқаптар анықталған жағдайда сол жерге Қазақстан ғарыш сапарының қызметкерлері мен ІІМ арнайы бөлімшесі жіберіледі."Бұл – ерекше қадағалаудағы мәселе. Ішкі істер министрлігімен белсенді жұмысты әрі қарай жалғастырып, заманауи технологияларды қолдану арқылы қылмысқа қарсы іс-шараларды жетілдіруге атсалыса береміз", - деді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/766/46/7664686_108:0:1813:1279_1920x0_80_0_0_a3b05d8015b30f06fcdd3d237fd203b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғарыш, есірткі
Қазақстандағы есірткі алқаптары ғарыштан анықталып жатыр
Биыл бес өңірден каннабис егілген жерлер табылған
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ішкі істер министрлігіне ғарыштан есірткі плантацияларын анықтауға көмектесіп жатыр.
Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.
"Біз ІІМ-мен электрондық құжаттандыру, жедел басқару орталығы бағытында ғана емес, ғарыш мониторингі бойынша да әріптестік орнатқанбыз. Қазақстан ғарыш сапары құқық қорғаушы органдармен бірге "Қарасора" операциясына қатысып, ғарыш мониторингі арқылы есірткі алқаптарын анықтауда", - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айтуынша, биыл 686 мың шаршы шақырымға мониторинг жасалып, 5 өңірден каннабис егілген жерлер табылған.
2019 жылы космомониторинг арқылы 123 алқап анықталды.
Ғарыштық бақылау KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктері, сондай-ақ шетелдік спутниктер арқылы жүргізіледі. Мұндай алқаптар анықталған жағдайда сол жерге Қазақстан ғарыш сапарының қызметкерлері мен ІІМ арнайы бөлімшесі жіберіледі.
"Бұл – ерекше қадағалаудағы мәселе. Ішкі істер министрлігімен белсенді жұмысты әрі қарай жалғастырып, заманауи технологияларды қолдану арқылы қылмысқа қарсы іс-шараларды жетілдіруге атсалыса береміз", - деді министр.