Еуропалық одақ делегациясымен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланды

© AP Photo / Kirsty WigglesworthЕуроодақ жалауы
Еуроодақ жалауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала бастаған делегациямен кездесуінде Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Хакала "ЕО Қазақстанмен саяси, экономикалық және өңірлік диалогты сапалы дамытуға ерекше мән беретінін, сондай-ақ мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформаларға қолдау көрсететінін және оларды іске асыруға қолғабыс көрсетуге дайын екенін" атап өтті. Осы тұрғыда еуропалық тарап 5 маусымда өткізілген конституциялық референдумның қорытындыларын құптады.

"Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытудың өзектілігін атап өтті. Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Р. Василенко "Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс стратегиясы және "Жаһандық қақпа" стратегиясы аясында Қазақстан ЕО-мен өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі екенін" мәлімдеді.
Қазақстан-еуропалық қарым-қатынастарының құқықтық негізі ҚР және ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім болып табылады, ол өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.
Еуроодақ дәстүрлі түрде еліміздің сауда және инвестициялық серіктестерінің арасында бірінші орын алады; 2022 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 16,5 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 55,5%-ға жоғары (10,6 миллиард АҚШ доллары); 2022 жылдың 1 тоқсанында еуропалық инвестициялардың өсімі 31,3% құрады; Қазақстанда еуропалық қатысумен 4000-нан астам компания жұмыс істейді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және өңіраралық форматтағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Жаңалықтар
0