https://sputnik.kz/20220713/bas-mufti-iri-qalalarn-qasapkhana-26092445.html
Бас мүфти ірі қалаларда халал стандартына сай келетін қасапхана салуды тапсырды
Бас мүфти ірі қалаларда халал стандартына сай келетін қасапхана салуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Мал союға арналған арнайы орындар ҚМДБ өкілдіктеріне қарайды, ортақ жобаны осы жылдың соңына дейін әзірлеу жоспарланып отыр 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T08:45+0500
2022-07-13T08:45+0500
2022-07-13T08:45+0500
қоғам
бас мүфти
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26059861_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_06f4be2f76ccb9d3604fdce09a2e9b77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді.Бұл туралы ол Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді.ҚМДБ төрағасы 2022 жылдың соңына дейін әр қалада жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешуді және "Уақып қоры" мен "Халал даму" мекемелеріне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырды.Биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 9-11 шілде аралығында тойланды. Қазақстандықтарға құрбан шалу рәсімін офлайн да, онлайн да өткізуге рұқсат берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26059861_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_20820b713aedc2f65f44566c248b52bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас мүфти
Бас мүфти ірі қалаларда халал стандартына сай келетін қасапхана салуды тапсырды
Мал союға арналған арнайы орындар ҚМДБ өкілдіктеріне қарайды, ортақ жобаны осы жылдың соңына дейін әзірлеу жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді.
Бұл туралы ол Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді.
"Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды одан әрі жетілдіруіміз керек. Алдағы Құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім", - деді Бас мүфти.
ҚМДБ төрағасы 2022 жылдың соңына дейін әр қалада жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешуді және "Уақып қоры" мен "Халал даму" мекемелеріне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырды.
Биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 9-11 шілде аралығында тойланды. Қазақстандықтарға құрбан шалу рәсімін офлайн да, онлайн да өткізуге рұқсат берілді.