https://sputnik.kz/20220713/almaty-oblysy-politsiya-zhurgizushi-26101469.html
Алматы облысында полиция адам қағып өлтірген жүргізушіні ұстады
Алматы облысында полиция адам қағып өлтірген жүргізушіні ұстады
Sputnik Қазақстан
Тергеу кезінде ұсталған жүргізушіге қатысты "Келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T13:35+0500
2022-07-13T13:35+0500
2023-08-10T11:58+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/07/18350517_115:0:1041:521_1920x0_80_0_0_ba3df2bb42f8bf194a4f126d312d7adb.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 шілде – Sputnik. Алматы облысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен 70 жастағы әжейді қағып өлтірген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.7 шілдеге қараған түні Қарасай ауданында Алматы-Жандосов тасжолының 36-шақырымында белгісіз көлік егде әйелді қағып кетіп, бой тасалаған.Оқиға орнына келген криминалистер Mercedes Benz бамперінің сынығын тапты. Олар бейнебақылау камераларын көріп шығып, 22 жастағы Жамбыл облысының тұрғынына тиесілі көліктің мемлекеттік нөмірін анықтады.Жүргізуші көліктің сынған әйнегін ауыстырып үлгергенімен, зақымданған бамперді жөндемегені белгілі болды.Полицейлер көлікті қажетті сараптамадан өткізу үшін арнайы тұраққа қойды.Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/07/18350517_230:0:925:521_1920x0_80_0_0_9d645161870a4eaa51275c3c91673662.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Алматы облысында полиция адам қағып өлтірген жүргізушіні ұстады
13:35 13.07.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Тергеу кезінде ұсталған жүргізушіге қатысты "Келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 шілде – Sputnik. Алматы облысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен 70 жастағы әжейді қағып өлтірген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
7 шілдеге қараған түні Қарасай ауданында Алматы-Жандосов тасжолының 36-шақырымында белгісіз көлік егде әйелді қағып кетіп, бой тасалаған.
Оқиға орнына келген криминалистер Mercedes Benz бамперінің сынығын тапты. Олар бейнебақылау камераларын көріп шығып, 22 жастағы Жамбыл облысының тұрғынына тиесілі көліктің мемлекеттік нөмірін анықтады.
Жүргізуші көліктің сынған әйнегін ауыстырып үлгергенімен, зақымданған бамперді жөндемегені белгілі болды.
Полицейлер көлікті қажетті сараптамадан өткізу үшін арнайы тұраққа қойды.
Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.