Экономика

Сбербанкке тағы үш ай штатты режимде жұмыс істеуге рұқсат етті

© Sputnik / Абзал КалиевСбербанк логотипі
Сбербанк логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. АҚШ қаржы министрлігі Қазақстандағы Сбербанкпен мәмілелерді аяқтау мерзімін тағы үш айға – 2022 жылғы 11 қазанға дейін созды, деп хабарлайды Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
"АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы – Office of Foreign Assets Control (OFAC) 2022 жылғы 11 шілдеде лицензия шығарды. Оған сәйкес "Сбербанк" АҚ ЕБ-мен (бұдан әрі – Қазақстан Сбербанкі) мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 12 шілдеден 2022 жылғы 11 қазанға дейін ұзартылады. Осы кезең ішінде Қазақстан Сбербанкі штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырады. Банк клиенттеріне қандай да бір шектеусіз төлем және аударым жасау операциялары қолжетімді болады", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2022 жылғы 6 сәуірде ресейлік "Сбербанк России" ЖАҚ пен оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізуді көздейтін бұғаттаушы санкциялардың енгізілгені туралы OFAC лицензиясы шығарылды. Оған сәйкес аталған ұйымдармен операциялар 2022 жылғы 12 шілдеге дейін аяқталуға тиіс еді.
Қазақстан Сбербанкі салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақшаны қабылдау мен беруді қоса алғанда, клиенттер алдында өз міндеттемелерін уақтылы орындайды, деп атап өтті ведомство.
Қазақстан Сбербанкі – депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы, бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген лимит шегінде азаматтардың ақшасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
0