Red Wings әуе компаниясы Қазақстанда екі жаңа рейсті іске қосады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өту "Red Wings" әуе компаниясының ұшағы
 Red Wings әуе компаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Ресейлік Red Wings әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында екі жаңа тұрақты жолаушылар рейсін іске қосады.
Осылайша, осы жылдың 17 шілдесінен бастап әуе компаниясы Алматы – Челябі бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жексенбі күндері, сондай-ақ 22 шілдеден бастап Ақтөбе – Жуковский (Мәскеу облысы) бағыты бойынша жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 сынды ұшақтармен орындалады.
Қазақстан мен Ресей арасында жаңа әуе рейстерінің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп хабарлады Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.
Билетті әуе компаниясының ресми сайтынан сатып алуға болады.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Жаңалықтар
0