https://sputnik.kz/20220712/qantar-bishkek-militsiyasy-ruzakhunov-26076698.html
Қаңтар оқиғасы: Бішкек милициясы Рузахуновтың ісі бойынша тергеуді аяқтады
Қаңтар оқиғасы: Бішкек милициясы Рузахуновтың ісі бойынша тергеуді аяқтады
Sputnik Қазақстан
Қаңтарда Алматыда болған оқиға кезінде ер адам ақша митингке Қырғызстаннан келгенін айтқан. Қырғызстандықтар танымал музыкантты танып, қазақстандық қауіпсіздік... 12.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-12T13:42+0500
2022-07-12T13:42+0500
2022-07-12T13:46+0500
қаңтар оқиғасы
қаңтар
бішкек
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0a/22687959_49:0:2086:1146_1920x0_80_0_0_0de2f11a3e440fdd5efbe646b688ff7c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанда соққыға жығылған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың ісі бойынша тергеу аяқталды. Ол әлеуметтік желіде кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іс материалдары Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетінін жазды.Бішкек Ленин ауданының ІІБ тергеуді аяқтап, материалдармен таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан."Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілгенін анықтады. Кінәлілерді анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жиналған материалдар Қазақстанның құзыретті органдарына жіберіледі", — деп жазды музыкант.Рузахуновтың ісіҚаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың күш қолданғанын мәлімдеген болатын.Рузахунов жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан. Бірақ тәртіп сақшылары ол ақпаратты тексермеген."Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді", - деп жазды Рузахунов әлеуметтік желідегі парақшасында.
бішкек
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0a/22687959_558:0:2086:1146_1920x0_80_0_0_c857197529284d1ab727a1b16a253751.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, бішкек, қылмыстық іс
қаңтар, бішкек, қылмыстық іс
Қаңтар оқиғасы: Бішкек милициясы Рузахуновтың ісі бойынша тергеуді аяқтады
13:42 12.07.2022 (жаңартылды: 13:46 12.07.2022) Қаңтарда Алматыда болған оқиға кезінде ер адам ақша митингке Қырғызстаннан келгенін айтқан. Қырғызстандықтар танымал музыкантты танып, қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлерінің әрекеттеріне наразы болды
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанда соққыға жығылған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың ісі бойынша тергеу аяқталды.
Ол әлеуметтік желіде кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іс материалдары Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетінін жазды.
Бішкек Ленин ауданының ІІБ тергеуді аяқтап, материалдармен таныстырды, деп хабарлайды
Sputnik Қырғызстан.
"Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілгенін анықтады. Кінәлілерді анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жиналған материалдар Қазақстанның құзыретті органдарына жіберіледі", — деп жазды музыкант.
Қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың
күш қолданғанын мәлімдеген болатын.
Рузахунов жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан. Бірақ тәртіп сақшылары ол ақпаратты тексермеген.
"Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді", - деп жазды Рузахунов әлеуметтік желідегі парақшасында.