https://sputnik.kz/20220712/euroodaq-qazaqstannan-shygarylgan-aktivter-26074240.html
Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын
Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы... 12.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-12T12:11+0500
2022-07-12T12:11+0500
2022-07-12T12:11+0500
еуропалық одақ
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/07/09/17562241_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3e272441a489f5ea6ca678d494011c51.jpg
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттікке сілтеме жасап. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Тараптар заңсыз баюға заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Бизнесті қорғау жайы да сөз болды. Еуропалық әріптестер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, ГРЕКОның халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті. Дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа кеңесінің конвенциясына қосылуға дайындығы айтылды.Еске салсақ, тиісті шақыру биыл 1 шілдеде келіп түсті. Пікірталастың жеке тақырыбы қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу болды. "Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасуда. Ыстанбул хаттамасының барлық талабы сақталуда", - деді Бектенов. Агенттік бас прокуратураның байланыс арналары арқылы қызығушылық танытқан халықаралық қауымдастыққа ақпарат береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/09/17562241_23:0:1730:1280_1920x0_80_0_0_6d673d30c0713e4e7643400d13d6fd23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ, қазақстан
еуропалық одақ, қазақстан
Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесті, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан агенттікке сілтеме жасап.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Тараптар заңсыз баюға заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Бизнесті қорғау жайы да сөз болды.
"Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп атап өтті Хакала.
Еуропалық әріптестер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, ГРЕКОның халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті.
Дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа кеңесінің конвенциясына қосылуға дайындығы айтылды.
Еске салсақ, тиісті шақыру биыл 1 шілдеде келіп түсті. Пікірталастың жеке тақырыбы қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу болды.
"Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасуда. Ыстанбул хаттамасының барлық талабы сақталуда", - деді Бектенов.
Агенттік бас прокуратураның байланыс арналары арқылы қызығушылық танытқан халықаралық қауымдастыққа ақпарат береді.