Доллар бағамы күрт өсті

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллар мен теңге
Доллар мен теңге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы (KASE).
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,12 теңгеге өсіп, 473,38 теңге болды.
Айта кетері, доллардың 12 шілдедегі ресми бағамы 464,85 теңге болған еді.
Kurs.kz дерегі бойынша қазір Алматыдағы ақша айырбас орындарында доллардың орташа бағамы – 471,68 теңге, сатылымда – 476,35 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбас орындарында долларды орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алып, 474,25 теңгеден сатып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2022
Рубль неге күшейіп жатыр – экономистер түсіндірді
Жаңалықтар
0