https://sputnik.kz/20220712/atyrauda-kasiporyn-basshysy-ayyp-tagyldy-26073688.html
Атырауда кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды
Атырауда кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды
Sputnik Қазақстан
Құлсарыда қаржы мониторингі агенттігі тексергеннен кейін сумен жабдықтау тарифі 54,4 процентке төмендеді 12.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-12T11:40+0500
2022-07-12T11:40+0500
2022-07-12T11:42+0500
өңірлер
атырау
кәсіпорын
басшы
теңге
айып
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ac855a0413b0f5624bece94b22a2148.jpg
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Атырау облысында коммуналдық кәсіпорын басшысы су бағасын көтеру арқылы 126 миллион теңгеден аса қаражат жымқырды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі. Агенттік Атырау облысы "Жылыойсу" МКК директоры Алагөзов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызмет тарифін негізсіз көтерген.Сот үкімен кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты түрде өтеледі.Сондай-ақ, агенттікте тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 процентке төмендегені айтылды.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_240136b05bbed44cc4a7c66dbffffccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, кәсіпорын, басшы, теңге, айып
атырау, кәсіпорын, басшы, теңге, айып
Атырауда кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды
11:40 12.07.2022 (жаңартылды: 11:42 12.07.2022) Құлсарыда қаржы мониторингі агенттігі тексергеннен кейін сумен жабдықтау тарифі 54,4 процентке төмендеді
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Атырау облысында коммуналдық кәсіпорын басшысы су бағасын көтеру арқылы 126 миллион теңгеден аса қаражат жымқырды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттік Атырау облысы "Жылыойсу" МКК директоры Алагөзов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызмет тарифін негізсіз көтерген.
"Ол аса ірі мөлшердегі қаражатты жымқырып, 126 миллион теңге залал келтірген. Тергеу кезінде залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.
Сот үкімен кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты түрде өтеледі.
Сондай-ақ, агенттікте тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 процентке төмендегені айтылды.