https://sputnik.kz/20220711/zhana-qurylgan-ush-oblystan-senat-deputattary-saylanady-26057931.html
Жаңа құрылған үш облыстан сенат депутаттары сайланады
Жаңа құрылған үш облыстан сенат депутаттары сайланады
Sputnik Қазақстан
Сайлау 24 тамызда өтеді 11.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-11T16:13+0500
2022-07-11T16:13+0500
2022-07-11T16:13+0500
саясат
сайлау
сенат
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_0:168:3045:1881_1920x0_80_0_0_676704b1bea378fed4aec196c4026eb1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан парламент сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 129-бабына сəйкес жүзеге асырылады.Үкімет пен үш облыстың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау тапсырылды.Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енді.Енді Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_e8fe68fb2d04a489208434928d61a1b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, сенат
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан парламент сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сенат депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын", - делінген мәтінде.
Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 129-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
Үкімет пен үш облыстың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енді.
Енді Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылды.