https://sputnik.kz/20220711/vaktsinalau-khabarlama-26055222.html
Жаппай вакциналау туралы заң қабылданады деген хабарлама шындыққа жанаспайды
Жаппай вакциналау туралы заң қабылданады деген хабарлама шындыққа жанаспайды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары үкімет жаппай вакцинация туралы заң қабылдайтыны туралы хабарлама таратып жатыр. Мәтінде қалай қарсы... 11.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-11T14:55+0500
2022-07-11T14:55+0500
2022-07-11T14:55+0500
вакцина
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_51ec1215ef4d6f2a009c140607e19955.jpg
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары үкімет жаппай вакцинация туралы заң қабылдайтыны туралы хабарлама таратып жатыр. Мәтінде қалай қарсы дауыс беруге болатыны жайлы нұсқаулық та бар. Алайда мұндай заңды қабылдау жоспарланбаған, деп хабарлады stopfake.kz сайты.Таратылған хабарламаға Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берілі. Ведомство "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға тиіс екенін түсіндірді. Алайда сол кодекстің 77-бабына сәйкес азаматтар вакцинациядан бас тартуға құқылы.Сонымен қатар ведомство бүгінгі күні міндетті профилактикалық екпе жүргізілетін аурулар тізбесін кеңейту жоспарланбағанын атап өтті.Сондай-ақ қазіргі уақытта бірнеше елде тіркелген маймыл шешегіне қарсы егу жұмыстары жоспарланып отырған жоқ."Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекцияға қарсы жаппай вакцинация жасауды ұсынған жоқ. Өйткені маймыл шешегі жоғары жұқпалы инфекцияларға жатпайды және тығыз байланыс жасағаннан таралмайды", - деп түсіндірді министрлік.Осылайша Қазақстанда міндетті вакцинация енгізілетіні туралы хабарлама шындыққа жанаспайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_3978b1782a630e952e118f2eb74dc327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина
Жаппай вакциналау туралы заң қабылданады деген хабарлама шындыққа жанаспайды
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары үкімет жаппай вакцинация туралы заң қабылдайтыны туралы хабарлама таратып жатыр. Мәтінде қалай қарсы дауыс беруге болатыны жайлы нұсқаулық та бар. Алайда мұндай заңды қабылдау жоспарланбаған, деп хабарлады
stopfake.kz сайты.
Таратылған хабарламаға Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берілі. Ведомство "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға тиіс екенін түсіндірді. Алайда сол кодекстің 77-бабына сәйкес азаматтар вакцинациядан бас тартуға құқылы.
"КВИ-ға қарсы вакцинация профилактикалық мақсатта егілетін инфекциялық аурулар тізбесіне енгізілген. Бұл ретте вакцина адам келісім берген жағдайда ғана салынады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ведомство бүгінгі күні міндетті профилактикалық екпе жүргізілетін аурулар тізбесін кеңейту жоспарланбағанын атап өтті.
Сондай-ақ қазіргі уақытта бірнеше елде тіркелген маймыл шешегіне қарсы егу жұмыстары жоспарланып отырған жоқ.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекцияға қарсы жаппай вакцинация жасауды ұсынған жоқ. Өйткені маймыл шешегі жоғары жұқпалы инфекцияларға жатпайды және тығыз байланыс жасағаннан таралмайды", - деп түсіндірді министрлік.
Осылайша Қазақстанда міндетті вакцинация енгізілетіні туралы хабарлама шындыққа жанаспайды.