Әлем

Турист Ыстықкөл маңындағы шатқалда құлаған мұздықты видеоға түсірді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоХан Тәңірі
Хан Тәңірі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Бұл шатқал арқылы көптеген туристік бағдар өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Қырғызстанда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жақын орналасқан Жууку шатқалында үлкен мұздық құлады, деп хабарлады елдің төтенше жағдайлар министрлігі.
"Қырғыз Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің жедел қызметіне Жетісу ауданының Джууку шатқалындағы мұздықтың еруіне байланысты құлағаны туралы ақпарат келіп түсті", - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Салдарынан бір қыз аяқ жарақатын алды. Екіншісі аттан құлап, жарақаттанды.
Джууку шатқалы - Қырғызстандағы ең ұзын шатқалдардың бірі. Ол арқылы көптеген туристік бағдар өтеді.
Жаңалықтар
0