https://sputnik.kz/20220711/tamara-duysenova-toqaev-zeynetaqymen-26048636.html
Тамара Дүйсенова Тоқаевқа зейнетақымен қамтамасыз ету жұмысы туралы айтты
Тамара Дүйсенова Тоқаевқа зейнетақымен қамтамасыз ету жұмысы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты 11.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-11T11:33+0500
2022-07-11T11:33+0500
2022-07-11T11:33+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25401710_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_69d7d0179f4f81cc90dc5f8ef8f5dafc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президентке министрліктің жұмысы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету және Әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.Тамара Дүйсенова мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25401710_141:0:2870:2047_1920x0_80_0_0_e286df2bff615acf610049ab4e478768.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тамара дүйсенова
қасым-жомарт тоқаев, тамара дүйсенова
Тамара Дүйсенова Тоқаевқа зейнетақымен қамтамасыз ету жұмысы туралы айтты
Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Президентке министрліктің жұмысы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету және Әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.
Тамара Дүйсенова мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.