Экономика

Жүзден астам ел цифрлық валюта құру мүмкіндігін қарастырып жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневКомпьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
CBDC енгізу прогресінде Қазақстан үздік-25 тізімінде
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Жалпыға ортақ цифрландыру дәуірінде бүкіл әлемде CBDC (Central Bank Digital Currency) орталық банктердің цифрлық валютасын енгізу туралы жиі сөз қозғалып жатыр.
Қазірдің өзінде әлемдік ЖІӨ-нің 95%-тен астамын құрайтын 105 ел мүмкіндіктерді зерделеуде және осы қаржы құралын құрудың әртүрлі кезеңдерінде тұр. Мұндай валютаны "ақшаның үшінші түрі" деп те атайды. Өйткені оны орталық банктер шығарады және бізге таныс қолма-қол және қолма-қол ақшасыз қаражатты толықтырады.
Finprom.kz сайты жариялаған ақпаратқа сәйкес, Ұлттық банк былтыр "цифрлық теңге" пилоттық жобасын іске асыруға кірісті. Осы пилоттық жоба аясында цифрлық теңге тұжырымдамасының болашағы тексеріледі. Осы цифрлық теңге өмірлік циклінің эмиссия мен таратудан бастап сатып алуға, оны пайдалану арқылы аударуға және тіпті офлайн-төлемге дейін базалық сценарийлері іске асырылды.
Цифрлық теңгені зерттеудегі негізгі мотивация – оның қаржылық инклюзивтілікті жақсарту жөніндегі әлеуеті. Цифрлық теңге төлемдер индустриясындағы бәсекелестік пен инновациялардың дамуына оң әсер етуі, сондай-ақ жаһандық нарықта қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.
Айта кетері, цифрлық теңге қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшаны ауыстырмайды, қатар қолданылатын болады. Мемлекеттік цифрлық валюта (CBDC) идеясының танымалдығы артып келеді.
Жобалар сараптамалық қауымдастықпен талқылаудан бастап пилоттық режимге және іске қосуға дейін түрлі сатыда жүзеге асырылуда. Atlantic Council мәліметтері бойынша 10 ел цифрлық валютаны толығымен іске қосты. Бұл ретте өткен жылдың сәуір айында әлемде толық пайдалануға берілген цифрлық валюталар болған жоқ.
Өз кезегінде тағы 15 ел, оның ішінде Қазақстан да ЦВ-ны пилоттық режимде енгізуді зерделеуде. Сонымен қатар ЦВ Орталық Азия елдерінің 24 елінде даму сатысында, 43 елде зерттеу сатысында. Халықаралық есеп айырысу банкінің (БМР) деректері цифрлық валюталардың енгізудің әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі мақсаттарға шоғырланғанын көрсетеді. Атап айтқанда, пилоттық кезеңге жеткен жобалар ең алдымен қауіпсіздік пен істен шығуға төзімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағдарланады. Ал алдын ала зерттеу сатысында тұрған жобаларда бірінші кезекте трансшекаралық, ел ішіндегі төлемдерді тиімді жүргізуге назар аударылады.
Тағы бір маңызды айырмашылық – CBDC-ді зерттеу мен енгізудің жоспарланған және нақты мерзімдері. Мұндай айырмашылықтың ең айқын мысалы Швеция мен Нигерия орталық банкінің тәсілдерімен көрсетілген. Сонымен Нигерияның сандық валютасы е-найраның дамуы 2017 жылы басталды. Ал 2021 жылы ол төлем құралы ретінде ресми түрде іске қосылды. Қазіргі уақытта нигериялық цифрлық валютаның көмегімен жасалған қаражаттың жалпы айналымы 190 миллион найрадан асты.
Дамудың осындай салыстырмалы түрде қысқа мерзімін идеядан пилоттық жобаға дейін және екі жыл ішінде іске асырылған багамдық SandDollar-да байқауға болады. Сонымен қатар шведтік циврлық валютасы е-кронды енгізу әлеуетін зерттеу бойынша алғашқы жұмыстар 2017 жылы басталды. 2020 жылы қажетті техникалық платформаны құруға бағытталған пилоттық жоба іске асырылды. Алайда е-крон бойынша жұмыс, оның ішінде сандық валютаны енгізудің орындылығын зерттеу әлі де жалғасуда.
Жобаның ресми аяқталу күні, сондай-ақ іске асыру туралы соңғы шешім әлі жарияланған жоқ. 2022 жылғы 1 шілдеде ҚР Ұлттық банкі мен ҚР ҰБ төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы "Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі" баяндамасын жариялады.
Осы модель бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің негізінде 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда орталық банктің цифрлық валютасын енгізу туралы қорытынды шешім әзірленеді. Цифрлық теңгені іске қосу туралы шешімді әзірлеудегі басымдық көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылар үшін қорытынды әсер ететін болады.
Цифрлық теңгені енгізу төлем және қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттырады, оның ішінде офлайн төлем жасау мүмкіндігі артады.
Цифрлық теңгенің инфрақұрылымы қаржы нарығының қатысушылары мен мемлекеттік органдар үшін смарт-келісімшарттар технологиясы негізінде инновациялық сервистер құруға мүмкіндік беретін қосымша құралға айналады. Болашақта цифрлық теңгені енгізу трансшекаралық төлемдердің тиімділігін арттырады.
Жаңалықтар
0