https://sputnik.kz/20220711/qazaqstan-tmd-armiya-oyyndary-26056340.html
Қазақстанда алғаш рет ТМД елдерінің армия ойындары өтті
Қазақстанда алғаш рет ТМД елдерінің армия ойындары өтті
Sputnik Қазақстан
Жалпыкомандалық біріншілікте Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады 11.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-11T21:53+0500
2022-07-11T21:53+0500
2022-07-11T21:53+0500
армия
тмд
https://sputnik.kz/img/348/92/3489262_0:53:1024:629_1920x0_80_0_0_acd8a16d790f842d4986061c7294e6ab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің III әскери-спорттық ойындары аяқталды. Іс-шара достастық елдері қорғаныс министрлері кеңесінің 30 жылдығына арналды.Қазақстан қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы алаңдарында шекаралас шет елдердің жеті елінен келген 250-ден астам спортшы әскери-спорттық көпсайыстың бес түрінен сынға түсті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Әскерилер армиялық қоян-қолтық ұрыс, штаттық қарудан оқ ату, әскерилендірілген кросс, офицерлік үшсайыс және гір көтеруден өзара мықтыны анықтады.Жалпыкомандалық біріншілікте Ресей қарулы күштерінің құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан әскери спортшылары екінші, Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады.Естеріңізге сала кетейік, ТМД әскерлерінің бірінші және екінші әскери-спорттық ойындары Ресей мен Қырғызстанда 2015 және 2017 жылдары өткізілген. Төртінші ойындар Өзбекстанда ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20220705/toqaev-qorganys-ministri-armiya-25952885.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/348/92/3489262_58:0:966:681_1920x0_80_0_0_ab5c3dff0dc16c1c9342125efcc3452b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
армия, тмд
Қазақстанда алғаш рет ТМД елдерінің армия ойындары өтті
Жалпыкомандалық біріншілікте Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің III әскери-спорттық ойындары аяқталды. Іс-шара достастық елдері қорғаныс министрлері кеңесінің 30 жылдығына арналды.
Қазақстан қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы алаңдарында шекаралас шет елдердің жеті елінен келген 250-ден астам спортшы әскери-спорттық көпсайыстың бес түрінен сынға түсті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Әскерилер армиялық қоян-қолтық ұрыс, штаттық қарудан оқ ату, әскерилендірілген кросс, офицерлік үшсайыс және гір көтеруден өзара мықтыны анықтады.
"ТМД әскери спортшыларының ойындары елімізде алғаш рет өткізілді. Жоспар бойынша спорттық іс-шара 2020 жылы өтуі керек болатын. Алайда пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, спорттық рух пен әскери достықтың жарқын көрінісін көрсетті. Төрешілер құрамы барынша әділ жұмыс істеді",– деді қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының бастығы – спорт комитетінің төрағасы Ольга Шишигина.
Жалпыкомандалық біріншілікте Ресей қарулы күштерінің құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан әскери спортшылары екінші, Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады.
Естеріңізге сала кетейік, ТМД әскерлерінің бірінші және екінші әскери-спорттық ойындары Ресей мен Қырғызстанда 2015 және 2017 жылдары өткізілген. Төртінші ойындар Өзбекстанда ұйымдастырылады.