Денсаулық

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар аздап азайды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 454 адам коронавирус жұқтырды, 1 адамнан ковидтік пневмония табылды.
Бір күн бұрын 477 адам індетке шалдыққан болатын.
Қазір 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Індетке шалдыққандар арасында 14 адамның жағдайы ауыр.
11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 532 368 адам вакцинаның бірінші дозасын, 9 315 917 адам екінші дозасын салдырды. 4 866 813 адам ревакцинация жасады.
Айта кетері, қазір Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шілде айында вирус жұқтырғандардың көбейетінін айтқан еді. Коронавирус былтыр да, оның алдыңғы жылдары да өскен. Яғни, бұл инфекциялық аурудың маусымдық өсімі, деп түсіндірді министр.
Медициналық маска - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Өңірлер
Алматы COVID бойынша "сары" аймаққа өтті
Жаңалықтар
0