Оқиға

Оралда екі жұмысшыны тоқ соқты - біреуі қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневЭлектр тарату желісі
Электр тарату желісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Бір ер адам жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Оралда апат салдарын жою кезінде екі жұмысшыны тоқ соқты, біреуі көз жұмды.
Қайғылы оқиға 28 маусымда болды.
"ЗапКазРЭК" ЖШС қызметкерлерін Мөңкеұлы көшесіндегі ақауды жойған кезде ток соқты. Ер адамдар облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Бір ер адам реанимациядан палатаға ауыстырылды. Ал екіншісі қайтыс болды, деп жазады "Мой город".
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқаста үшінші дәрежелі терең күйік және терінің 55% зақымдануы болғанын хабалады.
Аталған факт бойынша комиссия құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0