Денсаулық

Ғалымдар коронавирустың жаңа симптомын анықтады

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ғалымдар коронавирустың омикрон штамының жаңа симптомын анықтады, деп хабарлайды lenta.ru The Sun-ға сілтеме жасап.
"BA.5 үшін қосымша симптом – түнде терлеу. Тер көп шығатыны соншалық, пижама да, төсек-орын да су болып қалуы мүмкін", - деді профессор-иммунолог, биохимия оқытушысы Люк О'Нил.
Оның айтуынша, бұл белгінің дене қызуының көтерілуімен еш байланысы жоқ.
"Жаңа симптом – жаңа вирустың иммундық жүйемен кездесуінің нәтижесі. Осылайша сізде аурудың жаңа түрі пайда болады", - деп атап өтті профессор.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.
Ресми деректерге сүйенсек, соңғы екі аптада COVID-19-бен ауыру көрсеткіші 30%-ке артқан.
ДДСҰ қызметкерлері бұл омикрон штамы түрлерінің таралуымен байланысты деп санайды.
Медициналық маска - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Өңірлер
Алматы COVID бойынша "сары" аймаққа өтті
Жаңалықтар
0