Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинаға жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе жеткізді

© Sputnik / Сергей Степанов / Медиабанкке өтуУчения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии
Учения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Батыстың Киев режиміне жоғары технологиялық қару-жарақ жеткізуі әскери іс-қимылды созып, Украина Қарулы күштерінің адам күші мен әскери техникасының жаппай қиратылуына әкелуде, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
9 шілдеде АҚШ президенті Джозеф Байден Украинаға 400 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлуді тапсырды. Пентагон жаңа "пакет" жаппай оқ атуға арналған төрт HIMARS реактивті жүйесі (High Mobility Artillery Rocket Systems) және оларға арналған оқ-дәрілерден тұратынын айтты.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі журналистерге америкалық реактивті жүйе ресейлік нысандарға соққы беру үшін Донбастағы украин әскерлері үшін "ерекше маңызды және тиімді" екенін, сондықтан АҚШ HIMARS және осы жүйелер үшін оқ-дәрілердің санын көбейткенін айтты.
"Қарудың жаңа партиясын тапсырғаннан кейін Украина Қарулы күштері HIMARS 12 қондырғысын пайдалана алады, бірақ реактивті снарядтардың сапасы маңыздырақ. Донбастағы украин әскерлерінің қазіргі мүшкіл жағдайын ескере отырып, Киев режиміне 300 километрге дейін ұшатын ATACMS (HIMARS модульдерінің бірі) тактикалық зымырандарын жеткізу ықтималдығы жоғары", - деп жазды Хроленко.
Америкалық зымырандар Украина Қарулы күштеріне Донбастағы және Смоленск, Брянск, Курск, Воронеж, Ростов-на-Дону, Севастополь және тіпті Қырым көпірін қоса алғанда, Ресей аймақтарының ауқымды аудандарындағы маңызды нысандарға соққы жасауға мүмкіндік береді.
Financial Times газетінің Америка Құрама Штаттарының Украинаға 300 километрге дейін жететін HIMARS оқ-дәрілерін жолдайтыны туралы ақпаратты бұл жеткізу заңдастырылған деп санауға негіз болады. Украина жұртшылығы Украина Қарулы күштерінің Донбастағы ресейлік әскерлердің арсеналдарына соңғы дәлдікпен соққы беруін жаңа оқ-дәрілерге, НАТО спутниктік барлау деректеріне қол жеткізумен және әрбір HIMARS қондырғысына зымырандарды ұшыруды тікелей басқаратын АҚШ-тың бірнеше тұрақты әскери қызметшілерінің (жалдамалылар емес) тағайындалуымен ашық байланыстырып отыр.
Әскери іс-қимылды бүге-шігесіне дейін жариялау Пентагон мен Украина қарулы күштерінің АҚШ пен НАТО-ны Ресеймен тікелей қақтығысқа тарту ниетін білдіріп тұр. Бірақ Еуропадағылардың барлығы бірдей Вашингтон жоспарын қолдап отырған жоқ.
Британдық сарапшы, бұрынғы әскери барлау қызметінің офицері Фрэнк Батыстың қару-жарақ жеткізуіне қарамастан, Украинаның әскери жеңіліске ұшырайтынын болжады. Оның пікірінше, АҚШ пен Ресей арасындағы жаһандық ядролық қақтығыс қана "тараптардың тең түсуіне" әкелуі мүмкін.
Америкаық жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелерді сатып алумен қатар, Киев шілденің басында Джозеф Байден уәде еткен NASAMS орташа қашықтыққа ұшатын зениттік-зымыран кешендерін тамыз айында жеткізу бойынша Пентагонмен келісті. Киев Батыстың мыңдаған артиллериялық жүйелері, танктері мен ұшақтарын талап етіп отыр.
Ресей нысандарына зымыранмен жасалған соққылар саны артып жатыр. Украинаның әскери топтары көбіне Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарында және ресейлік әскер бақылауындағы аумақтарда әрекет етіп жатыр.
"Ресей Федерациясының аумағын және Донбасс республикаларын HIMARS тактикалық зымырандарының соққысынан қорғау үшін ресейлік әскерлер "Незалежнаяның" бүкіл аумағын азат етуі керек. Басқа қауіпсіздік нұсқасы жоқ. Сөз жүзіндегі бітім мәселені шешпейді, ертең бүгінгіден де қатаң жағдай туындайды", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, Минск келісіміне сәйкес Киев сегіз жыл бойы өңірдегі проблеманы шешуге ниет білдірмеген соң, Мәскеу қауіп-қатерге қатысты әрекет етуге мәжбүр болды. 24 ақпанда Ресей украин мемлекетін демилитаризациялау және денацификациялау, Киевтің Қырым мен Донбасс мемлекеттерінің мәртебесін мойындауы бойынша алдына мақсат қойды.
Арнайы әскери операция Киев режимінің АҚШ және НАТО-мен әскери интеграциясының деңгейін анықтауға, Украинаның Ресейге қарсы ұстанымы қандай сипатта екенін білуге мүмкіндік тудырды.
Әскери шолушы жазғандай, ерте ме, кеш пе, Батысқа Мәскеу ұсынған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік параметрлеріне қайта оралуға тура келеді. НАТО әскери блогы қауіпсіздік кепілдігі емес және әлемдегі әділ тәртіптің баламасы бола алмайды. "Үлкен жиырмалықтың" сыртқы істер министрлерінің саммиті G7 антиресейлік жоспарға әлемнің барлығын жұмылдыра алмайтынын көрсетті.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0