Оқиға

Ақтөбе облысында алты жасар бала суға батып кетті

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Бүлдіршін шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Жазатайым оқиға 10 шілде Ақтөбе облысының Есет батыр ауылында болды.
ТЖ департаментіне хабар сағат 16:15-те түскен.
Ауылдан екі шақырым жердегі Тамды өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде 6 жасар бала суға кетті. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. Құтқарушылар ұл баланың денесін 2,5 метр тереңдіктен алып шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Бұған дейін 4 маусымда Ақши ауылында үш бала – бес және төрт жасар апалы-сіңлі, сондай-ақ төрт жасар ұл суға батып кеткен еді.
Өзен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Оқиға
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт суға батып кетті
Жаңалықтар
0